Білім • 06 Қараша, 2020
Қазталов мектептеріне – 1 100 ноутбук
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы мектептерінде оқушылардың қашықтан оқуына көмек үшін 200 планшет, 150 компьютер берілген болатын. Бұған қосымша жақында тағы 1 100 ноутбук жеткізілетін болды. Бұл – еліміздің Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ауыл оқушыларына көрсетіліп отырған жүйелі көмектің нәтижесі.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Елорда экологиясы – елдің айнасы
Таза ауа таза ауладан басталатынына көпшілігіміз көңіл бөле бермейтініміз өкінішті. Айналамызға аяушылықпен қарасақ, жұтқан ауамыз жұпар аңқитыны айтпаса да анық. Табиғаттың тазалығы мен қоршаған ортаның қоқыстан ада болуы тәннің саулығына тікелей әсер ететінін естен шығармаған абзал. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы экология жағдайының нашарлауына жол бермей, рұқсат берілмеген қоқыс орындарын көбейтпес үшін экология министрлігімен бірлесе бірқатар шара қабылданғанын мәлімдеді.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Ерекше кештерімен белгілі еріктілер клубы
Жер-жердегі жұртшылыққа, әсіресе қайырымдылық жасауға етене жақын адамдарға «Ақтөбе қайырымды жандар» волонтерлер тобын таныстырып жатудың өзі артық. Өздерінің тақырыптық һәм ерекше кештерімен белгілі волонтерлер 2016 жылдан бері игі істерін атқарып келеді. Қамкөңіл жандарға дастарқан жайып, сол арқылы олардың бір сәтке болса да көңілін көтеруді көздеген үлкен жүректі жастар әртүрлі топтағыларды қатар қамтиды. Ал олардың осылай клуб құруына алматылық Айдын Тоқсанбаева деген белсенді қыздың бастамасы әсер еткен. Ол – идея авторы.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Тіл тәуелсіз болмай, шын тәуелсіз болмаймыз
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін тіл білуді міндеттеу керек» деген пікір жиі айтылады. Ата Заңдағы 7-баптың 2-тармағы қабылданар кезде де көп дау туғанын жақсы білеміз. Бүгінде де осы 2-тармақты алып тастау керек деген пікір жиі көтеріліп жүр.
Экономика • 06 Қараша, 2020
Пандемияның отандық мұнай-газ өндірісіне әсері
Жыл басындағы мұнай өңдірісінің ОПЕК квотасына байланысты туындаған Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы жанжал, осыдан кейін пайда болған коронавирус пандемиясы мұнай мен газдың жаһандық өндірісі мен оларды өткізу мәселесін қиындатып жіберген болатын.