Қазақстан • 30 Қараша, 2022
Академик Әлия Бейсенова: Әділдік – елдің темірқазығы
Қаланың тау жақ шетіндегі еңселі үй. Бұл – академик Серік Қирабаевтың қара шаңырағы. Бұрын бізді қақпа алдында «Ау, сендер келіп қалдыңдар ма?» деп, даналығы мен қарапайымдығы үйлескен Серік Смайылұлының өзі қарсы алатын. Ол кісі өткен жылы қоңыр күзде 95 қараған шағында бақиға озды. Әзіз сүйегі – Арқа төріндегі Ұлттық пантеонда, енді аруағымен әдебиеттану мен жоғары білімнің жаңа буынын желеп-жебейді деп сенеміз...
Тарих • 30 Қараша, 2022
Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы – Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты, Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясы, белгілі тарихшылар Ордалы Қоңыратбаевтың «Әлихан мен Тұрар», Манаш Қозыбаевтың «Ғасыр тауқыметін арқалаған арыстар» атты зерттеуі, Зардыхан Қинаятұлының «Жылаған жылдар шежіресі» монографиясы, Қайдар Алдажұмановтың «Тұрар Рысқұлов: өмірі мен қызметі» және Гүлнәр Қозғанбаеваның «Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы: өткені мен бүгіні» сынды жазылған қыруар еңбекті атап өтуге болады. Алайда осы тұлғаның өмір жолындағы аса бір күрделі кезең – Коминтерн өкілі ретінде Моңғолияға баруы.
Өнер • 30 Қараша, 2022
Қазақ күй өнері дегенде, оның үлкен мектебіне жататын шертпе күйлерге соқпай кете алмаймыз. Осы орайда, 1-3 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі – ұлт руханиятын насихаттауда үлкен оқиғаға айналмақшы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев мәлім етті.
Таным • 30 Қараша, 2022
Ұлы тұлғалар уақытпен санаспайды. Қайта жыл өткен сайын жаңара һәм түрлене түседі, тереңіне одан сайын батырады. Сіз бен біз сол тұныққа бойлай аламыз ба? Мәселе сонда... Жердегі әрбір адам жұлдызға айналса зеңгір көкке сыймас еді-ау. Ай да азап шегер ме еді, кім білсін!? Содан да шығар қазақтың жұлдызы санаулы болғаны.
Өнер • 30 Қараша, 2022
29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің X Халықаралық «Бастау» кинофестивалі өтеді. Он жыл бойы тұрақты өтіп келе жатқан халықаралық фестиваль биыл алғашқы мерейлі белесін бағындырып отырғандықтан, байқау бағдарламасынан бірқатар ілкімді өзгеріс пен жаңалық орын алды.