Спорт • 27 Қараша, 2022
Роналду рекорды, Максимович және алаңдағы 12 ойыншы...
Өткен жұмада футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық турнирінің екінші туры басталды. Осы орайда «алғашқы кезең несімен есте қалды?» деген сауалдың туындауы заңды. Бұл турда 16 кездесу өтіп, 41 гол соғылды. В және Е топтарында өнер көрсететін ойыншылар 10 реттен нысананы дәл көздеді. Ең көп гол Англия мен Иран (6:2) және Испания мен Коста-Рика (7:0) арасындағы матчтарда соғылды. Ал F тобындағы ойындарда ондай сәттер тым аз болды. Бұл бәсекелерде Бельгия Канаданы 1:0 есебімен ұтса, Марокко мен Хорватия матчында есеп ашылған жоқ.
Қоғам • 27 Қараша, 2022
Бақыттың мекенін ұлықтаған жоба
Кейінгі кезде елімізде жас отбасылардың қоғамдағы рөлі мен беделі артып келеді. Бұл құндылықтың маңызының артуына «Отбасы – бақыт мекені» жобасының берері мол. Жоба бойынша көптеген ілкімді іс-шара атқарылып жатыр. Соның бірі «Үздік жас отбасы» байқауы елордадағы жас отбасылар институтын нығайтуға септігін тигізіп отыр.
Аймақтар • 27 Қараша, 2022
Сақылдаған сары аяздың салдарынан Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат орын алды. Шаһардың жылу жүйесінде пайда болған зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған. Салдарынан қала бойынша барлық нысанда жылу батареялары салқындап, тұрғындар пәтерлерінде бүрсең қағып отыр. Ал көпқабатты 130 үй жылудан толықтай ажыратылды.
Қоғам • 27 Қараша, 2022
Астанадағы Ұлттық музейде белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевтың мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Елорда • 27 Қараша, 2022
Астанада Еркеғали Рахмадиевті еске алу концерті өтті
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері «Ел еркесі - Еркеғали» концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.