Коронавирус • 04 Қараша, 2020
Коронавирус жұқтырған 148 адамның жағдайы нашар
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастар жайында ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 160 медицина қызметкеріне өтемақы төленді
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 160 медицина қызметкеріне 320 млн теңге өтемақы төленді. Қауіпті індеттен көз жұмған 8 медицина қызметкерінің жанұясына 80 млн теңге, қосымша 1 қызметкерге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге төленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2020
"Ақ жол" партиясының сайлауалды құрылтайы 20 қарашада өтеді
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының сайлауалды құрылтайы 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының филиалдары төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық Кеңесінің пленумында осындай шешім қабылданды. Отырысты онлайн режимде партия төрағасы Азат Перуашев өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Әскери комиссариаттардың әлпеті өзгереді
Бір кездері батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған Ұлы даланың бүгінгі қалқаны – айбынды әскеріміз дер едік. Ал әскер сарбазсыз болсын ба? Оның да қатарын ұдайы толықтырып тұру қажет. Бұл ретте, әскери комиссариаттардың жаңа келбетін қалыптастыру мәселесі де өзектілігін жоймайтыны белгілі. Еліміздің қорғаныс саласы бұл бағытта да ауқымды жұмыстар атқарып жатыр.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Мал терісінен қолөнер бұйымдарын жасайды
Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында қазақ халқының қолөнері мен тұрмыста жиі қолданылатын бұйымдарын жасаудың ерекше үлгісі дамып келеді. Ауылдың байырғы тұрғындары Мұсахан мен Елейхан Егізбаевтар білгендерімен бөлісіп, жастарға үйретіп жүр.