Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру еселенеді
Ауыл шаруашылығын дамыту – еліміздің мемлекеттік экономикалық саясатындағы басты бағыттарының бірі. «Қазақстан – 2050» стратегиясында ауылшаруашылық өнімдеріне деген жаһандық сұраныс жағдайында Агроөнеркәсіптік кешенді ауқымды жаңғырту міндеті қойылды. Сәйкесінше, 2050 жылға қарай еліміздің ІЖӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 5 есе ұлғаюы тиіс.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Мемлекеттік қызмет онлайн көрсетіледі
Жарты әлемді жайлаған пандемия айналдырған жарты-ақ жылдың ішінде қоғамға үлкен өзгеріс әкелді. Сол сәттен мемлекеттік мекемелердің көбі онлайн форматқа көшті.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Атамды артық көремін өзгелерден...
Өмірге ғашық, өнерге ынтық жастың бірі Анжелика Соколова – облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледждің білім алушысы. Қазақ тілін жете меңгерген жан сан мәрте тіл сайысында жүлдегер атанып жүр.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген кейбір тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Мысалы, «Аэропорт» шағын ауданындағы Герасимов көшесінде орналасқан 9-үйдің жертөлесін су басып, жоғары қабаттағы пәтерлердің жел беттегі қабырға жабындыларының түйіскен тұсы мен терезелердің асты-үстінен жаңбыр суы ағып жатыр. Тоғыз қабатты жаңа үйге былтыр желтоқсан айында қоныстанған тұрғындар әлі күнге дейін пәтерлеріне лифтісіз көтеріліп жүр.
Әлем • 04 Қараша, 2020
Америка демократиясының сынға түсер сәті
НЬЮ-ЙОРК. Тарихтың белгілі бір сәттерінде – көбіне елеулі әлеуметтік прогресс қоғамның белгілі бір бөлігін бейжай қалдырғаннан кейін, саяси сахнаға үлкен әрі заманауи ұстанымды жақтаймын деген жеке адам шығады. Өзін-өзі таныту мен сезім арқылы сенімге кіру шеберлігіне ие ол (ол әрқашан ер адам) «мачо» ретінде миллиондардың жүрегі мен санасын жаулап алады. Осылайша, оның жеке басына табынушылық қалыптасады. Билікке келу кезінде қоқан-лоққы көрсетіп, зорлық-зомбылық жасаса да, оны тәртіпсіз әлемді тезге салатын құтқарушы ретінде санайтын адал адамдар қолдайды.