Сұхбат • 04 Қараша, 2020
Елімізде браконьерлікпен күрес өзекті проблемаға айналғаны қашан?! Әсіресе орталық өңірлерде жағымсыз фактілер тыйылмай тұр. Десек те Сарыарқаны мекен еткен жануарларды қорғауда қорықшылардың еңбегі өлшеусіз. Бөкендей сұлу аңды браконьерлердің құрығынан сақтау үшін басын бәйгеге тігіп, еліміздің тұмса табиғатындағы тәртіпті қадағалап жүрген жанның бірі – Мұрат Әлиев. «Дала қылмыскерлері GPS, әріптестерім Рэмбо деп атайды» деген «Охотзоопром» кәсіпорнының инспекторы қызметтегі қиыншылықтар мен жануарлар әлемін сақтаудың маңыздылығы жөнінде әңгімелеп берді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
«Метаморфозадан» басталған құбылулар
Метаморфоза деген сөз ежелгі грек тілінен аударғанда «алмасу», «өзгеру», «құбылу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек, рим халықтарының аңыздарында метаморфозалар жиі кездеседі. Әсіресе батырлардың өзенге, тауға, өсімдікке, жануарға айналып кеткені туралы метаморфозалар көп. Овидий ақын сондай метаморфозаларды жинайды. Олардың саны 200-ден астам. Ол осы құбылуларды бірінен кейін бірін аса реттілікпен баяндап шығады. Нәтижесінде «Метаморфозалар» поэмасы дүниеге келеді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Үнді халқының мифологиясында жеті арал, жеті өзен, жеті қат аспан, жеті қат жер, сондай-ақ жер асты жеті әлемі дейтін ұғымдар бар. Назар аударарлық жайт – олардың мифологиясындағы бүкіл кейіпкерлер осы жетінің маңайына шоғырланған. Жетілік ұғымына қатысты айтқанда ең алдымен Джамбудвипа аралы еске түседі. Аралда адамдар тұрады. Аралдың ортасында Меру алтын тауы бар. Оның биіктігі жер бетінен 84 мың йорд жан. (Бір йорд жан шамамен 14 километрге тең). Ал жер астына 16 мың йорд жаны жасырулы.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Газетімізде жарық көрген «Шағын ауданның мәселесі шаш етектен» (21 қазан, №201 саны) атты мақалаға байланысты Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданның тұрғындары атынан хат келіп түскен еді. Хат иелері аталған мақалада көрсетілген мәселелермен келіспейтіндігін білдірген екен. Осыған орай, мақалаға арқау болған тақырыпқа қайта оралып, 19-шағын ауданның тұрғындарымен тағы жүздестік.
Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Атқарылған іс те, атқарылар шаруа да ауқымды
Әлемді әбігерге салған COVID-19 індеті жаңа сын-қатерлерді туындатты. Оқшаулана түскен жаһан жұртынан Қазақстан да сырт қалмайтыны, барынша сақтанумен бірге өзіндік икемді даму жолын іздейтіні белгілі. Осы орайда елімізде эпидемияның алдын алуға барлық қам-қарекет жасалғанын, мемлекет пен қоғам бір мақсат пен бір мүддеге жұмыла білгенін, бұл – елдігіміздің көрінісі екенін атап айтуға тиіспіз. Қазақстан пандемия зардаптарымен күресуде тек денсаулық сақтау мен білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласының қордаланған мәселелерімен ғана бетпе-бет келген жоқ. Соңғы ғасырларда болмаған бұл індет интеграцияық қарым-қатынастың жетілген заманында алапат ауқымға ие болғандықтан, одан Тәуелсіздік жылдарында дүниенің төрт тарабымен де терең байланыс орнатқан отандық экономика да ойсырай зиян шеккенін көріп отырмыз.