Медицина • 23 Қараша, 2017
Қоғамдық көлік қызметі көңілден шыға ма?
Ақтөбе – болашағы жарқын қалалардың бірі. Агломерациялық аймақ орталығындағы тұрғындар саны жылдан жылға жедел өсіп келеді. Өңірдегі өрелі өзгерістер өз кезегінде қоғамдық көлікке деген сұраныс деңгейін одан әрі көтере түспек.
Өзара әріптестікті нығайтудың бір бағыты
Жуырда Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Мызғымас бауырластық-2017» стратегиялық оқу-жаттығулары өтті. Онда ұйымға мүше барлық елдердің әскери қызметкерлері жаттығу алаңында бірлескен операцияларға қатысты. Бұл жаттығулар дағдарыстық аймақтардағы қақтығыстан кейінгі реттеулерге арналды әрі БҰҰ стандарттары мен заманауи әдістерін ескере отырып, ҰҚШҰ бітімгерлік күштері дайындығын жетілдіруді қамтамасыз етті.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
СҚО-да қоғамдық келісім кеңесінің алтыншы отырысы өтті
Басты игілігіміз де, жеңісіміз де – республика халқы арасындағы берік бірлік, мызғымас достық. Бұл орайда қоғамдық келісімді нығайтып, этносаралық, конфессияаралық төзімділікті сақтаудың маңызы зор. Ол жөнінде Достық үйінде өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында жұмыс істейтін қоғамдық келісім кеңесінің алтыншы отырысында жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Үкімет • 23 Қараша, 2017
Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының басымдықтарын атады
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Лондондағы «Чатам Хаус» Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзі Қазақстанның алдағы, яғни 2018 жылдың қаңтарындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының басымдықтарына арналды.
Әлем • 23 Қараша, 2017
Еуропаның біраз бөлігін Ресейден таралған радиациялық бұлт торлады
Қарашаның басында Францияның ядролық және радио-активті қауіптер жөніндегі қоғамдық сараптама орталығының (IRSN) Еуропаның біраз бөлігін шығыстан келген ядролық бұлт торлағаны жөнінде мәлімет таратқан болатын.