Шымкент • 27 Қараша, 2024
Шайынды су шаруаларға жарап тұр
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімдігі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Шымкент қаласы сарқынды суларды тазалау қондырғылары кешенінің аймағында орналасқан Бөржар су жинақтағышының жұмысымен танысты.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Қасиет дарып, құт қонған Жамбыл өңірінің құрылғанына 85 жыл толды. Тамырын тарауы мен тағылымы мол тарихқа байлаған өңірдің торқалы тойы кең көлемде аталып өтті. Мерейтойға арналған іс-шараларға еліміздің игі жақсылары жиналып, жүрекжарды лебіздерін айтты.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Абай облысындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы қорытындыланып, алдағы жылдардың жоба-жоспарлары нақтыланды. Жиында облыс басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің арқасында өңірдің экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті.
Күрес • 27 Қараша, 2024
Арменияның астанасы – Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста еліміздің балуандары өте жақсы нәтиже көрсетіп, жеті жүлдеге қол жеткізді.
Спорт • 27 Қараша, 2024
Еліміздің жасөспірім дзюдошылары Грекияда өткен Еуропа кубогінде 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Гүлхан Шыңғысхан (48 кг) мен Расул Мұқым (81 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Әсел Русланова (48 кг), Даниял Сейілхан (50 кг), Алтынбек Қонысбай (60 кг) финалда ұтылды. Ал Нұрдос Досберген (60 кг), Марғұлан Игілік (60 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) үздік үштікті түйіндеді.