Фото: ult.kz
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).
- Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам.
- Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы –1 168 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.