Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Қиналған жанға көмек қолын созатын қазалылықтар тағы бір игілікті іс жасады. Осы аудандағы Қ.Пірімов ауылының азаматтары мүмкіндігі шектеулі отбасына үй салып, жаңа баспананы қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етті.
Әлем • 02 Қараша, 2020
Түркияның Измир қаласында жер сілкініп, 30-ға жуық адам қаза тапты. Жараланғандар саны мыңнан асты. Сондай-ақ 20 шақты ғимарат қираған. Бүлінген ғимараттардың маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Вирусқа қарсы шаралар күшейтілді
«Covid-19» короновирус инфекциясы Шығыс Қазақстанда күрт көбейіп, облыстың бас санитар дәрігерінің кезекті қаулысымен бірқатар шектеу шарасы енгізілді. Қойылған талаптардың орындалуын қадағалау үшін жер-жерлерде рейдтер ұйымдастырылған. Облыс тұрғындары үшін медициналық маскалар, қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті. Соған қарамастан соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен 24 науқас тіркелген.
Әлем • 02 Қараша, 2020
Сайлау мен әлеуметтік желі жыры
Бүкіл әлемнің назарын аударған коронавирус пандемиясы, вакцинадан кейінгі тағы бір оқиға, ол АҚШ-тағы президент сайлауы болды. Бұл тұста ерекше ойға оралатыны саяси бәсеке емес, әлеуметтік желінің сайлау процесіне әсері. Жалпы, технологияның дамуымен Facebook секілді желілердің қоғамдағы кез келген мәселенің әрі қарай қалай өрбитінін бағыттауға қауқары жететінін аңғарып үлгердік. Өткен сайлаудағы даудан кейін бұл мәселе АҚШ пен бүкіл әлемді қайта алаңдатып отыр.
Қаржы • 02 Қараша, 2020
«Валюта батпырауығының» жалына жармасу...
25-26 қазан күндері өткен ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру» форумында өзара есеп айырысу кезінде доллар мен еуродан арылу керектігі туралы мәселе тағы да айтылды. Солтүстіктегі көршіміз бұл бағытта Қытайдың көмегіне жүгінуге ниеттеніп отыр.