Парламент • 25 Қараша, 2020
Астық қорларын сақтау – маңызды мәселе
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен аталған Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған заң жобалары мақұлданды.
Қоғам • 25 Қараша, 2020
Тыныштықтың темірқазығы – толеранттылық
Бүгінгі тынышсыз әлем, «ыстық нүктелердің», қақтығыс алаңдарының көбейе түскені, олардың жаһандық саяси-экономикалық үрдістерге жағымсыз әсерлерінің ауыр салдарлары өзгенің наным-сеніміне, өмірлік ұстанымына, сондай-ақ көзқарастар мен құндылықтардың әртекттілігіне өз деңгейінде түсіністікпен қарай білмейтініміздің нақты көрінісі тәрізді. Оның үстіне әлемнің бір кереметі – ондағы тіршіліктердің, қозғаушы күштердің, құндылықтардың әртектілігінде екенін қаперден шығарып алғандаймыз.
Оқиға • 25 Қараша, 2020
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Абай орталығында «Қоғам және мемлекет: ынтымақтастық пен дамудың 30 жылы» атты өңірлік азаматтық форумда бас қосты.
Руханият • 25 Қараша, 2020
«100 жаңа оқулық» жобасы жалғасын таппай қалуы мүмкін.
Әлем • 25 Қараша, 2020
Босниядағы соғыс пен бейбітшілік
Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожасына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады. НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.