Әлем • 25 Қараша, 2020
Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожасына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады. НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.
Әдебиет • 25 Қараша, 2020
...Өзі де іші құдықтай терең адам
Қазаққа осы тұйғын шалды бермегенде қайтер едік? Кісі қартайғанда құсқа ұқсайды. Жауырыны шығып, тұмсығы ұзарып, көзі шүңірейеді. Жер үйінің балконында тұйғын құсап тұқиып отырғанын көріп едім. Осы кісіні көрген сайын қан тамырларымды бір ыстық от қуалап өтеді. Қазаққа Әбді-Жәмил Нұрпейісов те бірдей, Олжас Сүлейменов те бірдей. Араларындағы интрига кейде арнайы қойылымға ұқсап кетеді. Тұлғалар арасындағы тірес, «құдайлар арасындағы күрес» емес. Алатаудың Кеңсаймен бітетін биіктері одан аласара да қоймас. Қазір ондай интрига да жоқ. Үлкен жиындарда бұрынғыдай спектакльдер де қойылмайды. Себебі, басты рөлдерде ойнайтын күрделі характерлі тұлғалар келмеске кеткен.
Теннис • 25 Қараша, 2020
Зәурештің ұрған шары зуылдайды
Алты жасында анасы теннис залына алып келгенде, Зәуреш екі беті томпайған, доп-домалақ бала болатын. Расын айтқанда, үстел теннисі сынды ұшқыр қимылды ұнататын спорт түріне балдырған қыздың дене бітімінің келіңкіремегені рас еді. Содан да болар, басында бәрі ошарыла қараған-тын...
Аймақтар • 24 Қараша, 2020
Даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды
Ел тарихындағы Паралимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы, даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды. Бүгінде Тараз қаласында тұрып жатқан ол еліміздің даңқын дүние жүзіне танытқан санаулы саңлақтардың бірі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әйгілі спортшыны мерейтойымен құттықтап, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын табыс етті.
Аймақтар • 24 Қараша, 2020
Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы саласы ілгерілеуде
Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.