Алты жасында анасы теннис залына алып келгенде, Зәуреш екі беті томпайған, доп-домалақ бала болатын. Расын айтқанда, үстел теннисі сынды ұшқыр қимылды ұнататын спорт түріне балдырған қыздың дене бітімінің келіңкіремегені рас еді. Содан да болар, басында бәрі ошарыла қараған-тын...

Дегенмен уақыт өте келе томпақ қыздың еңбексүйгіштігі Эльмира Әлиева сынды білікті бапкердің назарын өзіне аудара бастаған. Айтқанды қағып алып, тура көңілден шығатындай істеуге тырысатыны ұнады. Сұңғыла бапкер оның үстел теннисіне икемділігін бірден байқаған. Аунап ай, жылжып жыл өтіп жатты. Зәурештің бойында спортшыға тән табандылық пен қайсарлықтан бастау алатын мінез-құлық қалыптасты. Әрбір ойында жеңіске жетіп, бірінші болуға ынтық құштарлық та бірте-бірте пайда бола бастаған.
Көп ұзамай алғашқы жеңістер де төбе көрсете бастады. Басында Қарағанды облысы бойынша өзінен жасы әлдеқайда үлкен қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп, республика деңгейіндегі жарыстардың жеңіс тұғырына жиі көтеріле бастады. Соның нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама сапына қабылданып, халықаралық турнирлер мен Азия чемпионаттарында табысты өнер көрсетіп жүрді. Осының бәрі жас қыз үшін маңдай тер, мехнатты еңбекпен келген нәтиже еді.
Зәуреш Ақашеваның жұлдызы биыл жарқырай жанды. Қаңтар айында Қарағанды қаласында үстел теннисінен Қазақстанның жекелей және командалық чемпионаты өткен болатын. Міне, осы сында Зәуреш тамаша өнер көрсетіп, үш бірдей алтын медаль алып, еліміздің абсолютті чемпионы атанды. Тәуелсіз Қазақстан спортының тарихында қазақ қыздарының арасынан бұрын мұндай биікті бірде-бір спортшы бағындырып көрмеген еді.
Осы толайым табысынан соң, Зәуреш ересектер арасындағы Ұлттық құрама команда сапындағы орнын «шегелеп» қойды. Бұл дегеніңіз, қазақтың қаршадай қызының келер жыл додасы басталады деп жүрген Токио Олимпиадасына қатысуы бек мүмкін деген сөз. Әлбетте, алда лицензия үшін жан алысып, жан беріскен жекпе-жектердің болары сөзсіз. Ал Зәуреш болса, өзіне сенімді.
Үстел теннисіндегі үрдісті үнемі қадағалап жүретін Зәуреш әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Фан Чжэньдун есімді қытай теннисшісінің ойынын өзіне үлгі етеді екен. «Фань Чжэньдун – дүние жүзіндегі әлемнің ең жас чемпионы: алтын медальды 17 жасында жеңіп алған. Ол оң қолымен ойнайды, ракетканы еуропалық тәсілмен ұстайды. Негізінде ол шабуылдаушы мәнердің ойыншысы», дейді Зәуреш.
Қазір өзі Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетінде білім алып жүр. «Бос уақытымда тәтті-дәмді тоқаш түрлерін пісіргенді жақсы көремін», дейді спортшы қыз. Өзінің болашақтағы өмірі спортпен, оның ішінде тенниспен тығыз байланысты болатынына сенімді.
«Менің алғашқы және қазіргі жаттықтырушым – Эльмира Қайырқызы Әлиева. Ол кісі жаттығуда тәртіпті қатаң сақтайтын бапкер. Тәртіп болған жерде нәтиже де болады деген қағидатты ұстанады», дейді Зәуреш өзінің бапкері туралы.
Эльмира Әлиева кезінде үстел теннисінен үлкен табысқа жеткен спортшы болды. КСРО-ның спорт шебері атағын иемденудің өзі оның қандай теннисші болғанын аңғартса керек. Эльмира Қайырқызы өзінің спорттық мансабында бес жылдай Қазақстан құрама командасының сапында өнер көрсеткен. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы атанды. Кеңес Одағы кубогы сынында жүлдегер болса, КСРО біріншілігінде топ жарған тамаша жетістігі де бар.
«Зәурештің басқа теннисшілерден басым түсіп тұратын қасиеттерінің бірі – шапшаңдығы мен күштілігі. Шарды шырқыратып тұрып ұрғанда, оқша зулатады. Қорғанысы мығым, көбіне шабуылдап ойнағанды жақсы көреді», дейді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эльмира Әлиева шәкірті туралы сыр ақтарып.
Зәурештің отбасын таза спортшылар шаңырағы деп айтуға келмес. Әкесі Рамазан Дүйсентайұлы экономист мамандығы бойынша еңбек етеді екен. Ал анасы Татьяна Борисовна Син заңгер болып жұмыс істейді. Дегенмен анасы жас кезінде спортқа қатты әуес болған екен: баскетбол, волейбол, шаңғымен айналысыпты. Ал Зәурештің өзі үйдегі бес баланың кенжесі.
Талантты теннисші Қарағанды облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы тарапынан жасалып жатқан жағдайға риза екенін айтады. «Қазір жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп жүрген спортшылардың стипендиясы көтерілген, басқа да тұрмыстық деңгейдегі мәселелер шешімін толықтай тапқан. Басшылық жағынан жан-жақты қамқорлықты сезінген сайын жанкүйерді ұятқа қалдырмауға, намысты қолдан бермеуге тырысасың. Мұның өзі кез келген спортшыға үлкен жауапкершілік жүктейді», дейді саңлақ спортшы.
Қазір Зәуреш құрама сапында Талғардың маңындағы «Ақбұлақ» олимпиялық орталығында оқу-жаттығу жиынында жүр. Сәтін салса, алдымыздағы қаңтар айында Қарағандыда Токио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын халықаралық турнир өтпекші. Осы сында біз Зәурештей қазақ қызы үшін тақым қысып, талантты теннисшінің тілеуін тілейтін боламыз.
ҚАРАҒАНДЫ
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар