Әлем • 25 Қараша, 2019
«Эркин Тоо» деп қойдық атыңды» Қырғыздың тұңғыш ұлттық газетіне – 95 жыл
22 қарашада Бішкекте қырғыз елінің тұңғыш ұлттық басылымы «Кыргыз Туусу» («Қырғыз Туы») газетінің 95 жылдығы аталып өтті. Газеттің бірінші нөмірі «Эркин Тоо» деген атпен 1924 жылы 7 қарашада Ташкент қаласында жарық көрген. Алты саны шыққаннан кейін газеттің редакциясы Пишпек (Бішкектің сол жылдардағы аты) қаласына көшіп келген. «Кыргыз Туусуның» алғаш жарық көрген күніне орай Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен «7 қараша – Қырғыз Республикасының Ақпарат және баспасөз күні» деп аталады. Қырғыздың алғашқы газеті қалай жарық көрген? Әңгіме осы жөнінде.
Руханият • 25 Қараша, 2019
«Тарихымыз үшін табылған әр құжат алтынмен пара-пар»
Жақында республикалық «Шетел архивтері мен қорларындағы Ұлы даланың тарихына және мәдениетіне қатысты археографикалық жұмыстар» атты жоба шеңберінде ғалымдар мен архив қызметкерлерінің тобы Татарстан астанасындағы архивтер қорларында айға жуық жұмыс істеп оралды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ғалия Шотанова жетекшілік еткен топтың құрамында белгілі тарихшы, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанмен бірге Қостанай облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының архив жұмысы және әдістемесі бөлімінің басшысы Салтанат Ташанова да болған еді. Онымен біздің тілшіміз олжалы сапар туралы әңгіме өрбітті.
Медицина • 25 Қараша, 2019
20 қараша – Халықаралық педиатрлар күні. «UMC» корпоративтік қорының Педиатрия департаментінде осыған орай 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ашық есік күні өтті.
Медицина • 25 Қараша, 2019
Алматыға АИТВ, туберкулез және гепатит мәселелері жөніндегі әлемнің жетекші ғалымдары жиналды. Елімізде Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 18-19 қараша күндері Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) аймағындағы АИТВ, туберкулез бен гепатитті ауыздықтауға бағытталған ШЕОА INTERACT-2019 бірінші ғылыми семинары өтті. Осы саланың мамандары көптен күткен бұл шараның маңызы жоғары. Өйткені Шығыс Еуропа және Орталық Азия – АИТВ індеті әлі де өсу қарқынын тоқтатпаған, әлемді алаңдатып отырған жалғыз аймақ.
Медицина • 25 Қараша, 2019
Оңалтудың жаңа кезеңіне жол ашады
Елімізде жаңа жылдан бастап медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне бөлінетін қаржы 9 есеге артады, нәтижесінде оңалту бағдарламасының ауқымы кеңейеді. Егер қазір азаматтарға бірінші және екінші деңгейлі оңалту көмегі қолжетімді болса, МӘМС енгізілген соң оңалтудың үшінші кезеңі пайда болады. Бұған қоса, жеке инвесторлардың есебінен елімізде заманауи оңалту орталықтары салынуда. Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 аурухананың реабилитолог-дәрігері Баян БЕКТАСОВА медициналық оңалтудың артықшылығы жайлы айтып берді.