Қазақстан • 24 Қараша, 2022
Біз залға кіріп келгенде белгісіз бір бояуға толы дауыс шығып жатты. Белгісіз бір бояу дейтініміз, әншінің кәдуілгі сыңғырлаған нәзік үні де емес, қобыздың үніндей қоңыр дауыс. Бір уақытта мұңды, енді бір сәтте зарлы әуезге ауысып, әншінің сонау жан түкпірінен талмаурап, тұншыға шығып жатқандай.
Экономика • 24 Қараша, 2022
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі тауарлық өнімнің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды ойдағыдай жалғастырып келеді. Бұл қосымша табыс табуға және жаңа нарықтарға шығуға жол ашатыны даусыз. Аталған мақсаттарға қол жеткізуде құрамында темірі жоғары түйіртастардың да қосар үлесі бар.
Қаржы • 24 Қараша, 2022
Қазақстанда жыл соңына дейін жаңа ипотекалық бағдарлама жариялануы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазір ведомство мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» және мүдделі мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл басында ҚТК жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12,5 пайыз болатын, орта класс үшін арнайы бағдарламаны таныстырған еді.
Қаржы • 24 Қараша, 2022
Инфляция үрейін болдырмау шарасы
Ұлттық банктің хабарлауынша, қазір Үкіметпен бірлесіп қолға алған инфляция деңгейін бақылау және төмендету шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құжатта өндіріс көлемін ұлғайту, сақтау, тауарлар мен көлік логистикасы, тауарлардың бөлшек саудасы, бағаны бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеу, жүйелі шаралар сияқты негізгі бес бағыт бойынша жұмыс қарастырылған. Бұдан бөлек, Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру жұмыстарын да жүргізіп отырғаны белгілі. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің айтуынша, қазір Үкіметтің инфляцияны бақылау тәсілін атаулы әлеуметтік көмекке өзгерту мәселесі талқыланып жатыр.
Аймақтар • 24 Қараша, 2022
«Қазфосфаттағы» дау: Жұмысшылар неге дүрлікті?
Жамбылдың ғана емес, еліміздегі химия өнеркәсібінің локомотиві саналатын «Қазфосфат» ЖШС-ның соңғы кездері басы даудан арылмай қойды. Біраз уақыт бұрын мыңдаған қызметкері бар кәсіпорынның Сарысу ауданындағы бөлімшесінде оқыс оқиға тіркелген еді. «Қаратау» кен өндіру комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын құрылғы ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан шақта диірмен өздігінен іске қосылып, екі адам бақилық болды.