Бизнес • 23 Қараша, 2023
Іш пыстырған іскерлік белсенділік
Таяуда өткен Үкімет отырысында еліміздің Бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов елімізде іскерлік белсенділік индексі 49,0 тармаққа төмендеп, соның ішінде құрылыс саласындағы көрсеткіш 48,5-ті құрағандығын атап өтті.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
Зайсан ауданының тұрғындары көгілдір отынның мәселесін айтып, редакциямызға бір емес, бірнеше рет хат жолдады. «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы аймақтағы мәселені Президент назарына жеткізсек деген. Аудан тұрғындарының айтуына қарағанда, 2013 жылдан бері 8 ауылға газ тарту үшін бірнеше рет қаржы бөлінген екен. Алайда газ әлі жоқ. Осындайда Шерхан Мұртазаның «Алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырмыз» деген сөзін мысал еткің келеді.
Өндіріс • 23 Қараша, 2023
Бүгіндері жеңіл өнеркәсіп құрылымында тоқыма бұйымдарының өндірісі – 62%, киім өндірісі – 30%, былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі 8%-ды құрайды.
Жастар • 23 Қараша, 2023
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайты «Құзыреттерді бағалаудың» бірінші блогі – Ассессмент-орталықтан өткен тұлғалардың тізімін жариялады. Бұл жолы кезекті іріктеу офлайн форматта 19-24 қазан аралығында өткізілген.
Өндіріс • 23 Қараша, 2023
Уран дипломатиясы: Ойын ережесінде қолтаңбамыз қала ма?
Еліміздің уран өндіруде көшбасшы екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Бірақ әлемдік уран қорындағы біздің үлес қомақты болса да, ойын ережесін анықтайтын елдердің қатарында емеспіз. Шикізаттық бағытқа негізделген экономика үніміз бен мүмкіндігімізді тұншықтырып жатыр.