Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Бірақ, өкінішке қарай, Жамбыл ауылдық аумағында Жаңатаң, Әйтей шағын ауылдарын қосқанда бар-жоғы 1267 адам қалыпты. Тұрғындар санының азайып кетуіне орай, қазір аудан әкімдігі оңтүстік облыстарға барып, ауылдарына сол жақтан отбасыларды көшіріп әкелу жұмыстарын қолға алыпты.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Бағаны көтеретін көп себепке тегеурінді жұмыс бар
«Үйдегі ойды базардағы нарық бұзады» деген сөз бар. Бұл азық-түлікке де қатысты болса керек. Наннан тұзға дейінгі тамақ күн сайын қажет, онсыз өмір жоқ. Дегенмен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімовтің мәлімдегеніндей, Қостанай өңірінде әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің 19 аталымының арасында ұн, қарақұмық жармасы, жұмыртқа, сәбіз, қант пен қызылшаға жыл басынан баға тұрақтанған.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Қазақстанда менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша 73 орган тіркелген
21-30 қазан аралығында Ванкувер қаласында, (Канада) болған IAF/ILAC бас ассамблеялары – Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның (International Accreditation Forum) және Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың (International Laboratory Accreditation Cooperation) жыл сайынғы бірлескен отырысы шеңберінде республикамыздың аккредиттеу жөніндегі органы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комтитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша аккредиттеу органдары жөніндегі IAF MLA (ISO/IEC 17021-1, ISO:9001 кіші саласы) көпжақты тану туралы келісімге қол қоюшы болды.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстық филармония ұжымы Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте болып, «Мейірімділік – рухани жан байлығы» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, әсерлі әңгіме өрбітті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Тұрақтылық пен татулық: келешек кепілі
Маңғыстаудағы өзге ұлт өкілдері қоғамдық тұрақтылықты сақтауда, мемлекетіміздің саясатын, ел дамуына қатысты түрлі бағдарламалар мен тапсырмаларды орындауда ұйымшылдық, ауызбіршілік танытып келеді. Олардың «Рухани жаңғыруға» қатысты өткен жиынға бір кісідей қатысуы маңызды мәселелерге атүсті қарай алмайтындықтарын білдірді.