Ауыл • 24 Қараша, 2020
Мемлекетке масыл болғым келмейді
Малсақ қауымға мемлекет тарапынан ауқымды көмек көрсетіліп жатқаны белгілі. Әйтсе де қанатын кеңге жайып келе жатқан «Қарлығаш» шаруа қожалығы өз шаруасын мұқият істеген адамдардың қолдаусыз да табысқа кенелетінін дәлелдеп отыр.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, шетін мәселелеріне тереңірек үңілу мақсатында маңызды іс-шаралар қолға алына бастады. Мысалы, бұдан былай өңірдегі қалалар мен аудандар әкімдерінің әрқайсысының мүгедек жандардың проблемалары бойынша штаттан тыс кеңесшісі болады. Бұл кеңесшілермен жұмысқа арбаға таңылса да өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған жігерлі жас Нияз Сүндетәлиев жетекшілік етеді.
Қазақстан • 24 Қараша, 2020
Әуелден «Отан – отбасынан басталады» дейтін қазақтың туған жерге деген ықыласы алабөтен, айрықша сұлу болған. Сақ, ғұн, үйсін – тұтас түркілік алтын кезеңге арқа сүйеп айтпағанның өзінде беріде өнеге атына сұранып тұрған Бейбарыс сұлтанның өзі неге тұрады десеңізші?! Мәмүлік болып Мысыр барған, сөйте жүріп сұңғылалығымен сұлтан болған да осы баһадүр бабаңыз. Одан кейінгі мәшһүр тарих сізге тағы мәлім. Біз бүгін өткеннен қалған қазынаны қайта көпсітіп, көпке ұсынуды жөн санадық.
Экономика • 24 Қараша, 2020
Пандемия еңбек нарығына қалай әсер етті?
Бұған дейінгі дағдарыстарда дәл бұлай дағдармаппыз. Кірпіш өріп, бетон құятын көршім Тоқбергеннің тосылғанын, жұмыстан шығып қалған Аят құрдасымның 42 500 теңге аламын деп аласұрғанын көрдім. Шаһарға кіре алмай, кірсе шыға алмай шерменде болған жұртты көрдім. Тап 2020 жылы кәсіп бастап, онысы орасан қарызға батып, ақырында несиесін кейінге шегеріп тастап, такси қызметімен айналысқан жігіттер де – біршама. Ауырған, сырқаған ағайынның түйткілдері – бір төбе.
Президент • 24 Қараша, 2020
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.