Руханият • 24 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған биылғы жыл Сыр өңірінде құрамына азаматтық қоғам өкілдері және белсенді жастар енгізілген облыстық фронт-офис құрылып, 7 бағытта өңірдегі мұқтаж отбасыларға, қиын жағдайға тап болған азаматтарға волонтерлік көмек көрсетіліп келеді. Атаулы жыл аясында Syr Volonterlary орталығы ашылып, еріктілер күні бүгінге дейін 545 қайырымдылық шара өткізіп, 19 723 адамға жәрдем беріпті. Жыл басынан бері жасалған жұмыстарды бір сараласақ, волонтерлердің талай игілікті істің басында жүргенін байқаймыз.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Медициналық мекемелер мен дәріханаларды тексерді
Ішкі істер министрлігі «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңін өткізді. Бұл операцияны өткізудегі мақсат – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін, фармацевтикалық қызмет ережелерін және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға қойылатын талаптарды, бұзушылықтарды анықтау.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Жарылыстың себептері анықталуда
2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы «Halal brothers» дәмханада газ баллон жарылғаны, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Алаш қозғалысы мен оның жеңісті шыңы – Алашорда үкіметі хақында неше алуан зерттеулер, ғылыми еңбектер мен тарихи-танымдық шығармалар жарық көріп жатқаны белгілі. Солардың ішінен жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың он бөлімнен тұратын, үш томға жинақталған «Алашия» рисәләсі жайында бірер сөз айтпақпыз.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Алыптар үндестігі: Абай мен Жамбыл
Ұлыларды белгілі бір дәуір туғызады. Осыдан 175 жыл бұрын Шыңғыстауда Абай дүниеге келсе, арада алты-жеті ай өткен соң Жамбыл тауының бөктерінде Жамбыл туды. Кейін екеуі де қазақ деген ұлы халықтың екі алыбына – поэзиядағы піріне айналды. Әрбір ұлы тұлға өзінше бір-бір әлем, бөлек жаратылыс. Абай мен Жамбыл екеуі де қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалар ғажайып құбылыс. Біреуі мынау әлемдегі алуан толқынды алып мұхит десек, екіншісі сан түрлі бедер-белгісі бар құрлық секілді. Екеуі де алып та биік, айдынды да айбынды. Абай мен Жамбыл өз замандастарының ішінде жұлдыздай жарқырап ерекше көзге түсті де ұлттық поэзиямызға екі түрлі жолмен келді. Абай жазба әдебиетімізді жаңа реалистік дәстүрде берік қалыптастырды. Ал Жамбыл Жабаев – сонау заманнан бері халық өмірінің айнасы болған ақындық, жыршы-жыраулық өнердің саңлағы. Бұл – қазақ поэзиясының дамуындағы тарихи қоғамдық негізі бар құбылыс.