Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында ұйымдасқан ұрылар ұсталды
Алматы облысының Жамбыл ауданы аумағында тұрғын үйлерді тонап, оңай олжаға молынан кенеліп жүрген қылмыскер тобы қолға түсті. Полицияның арнайы операциясы кезінде ұсталған ұрылар 2 айда 16 үйді тонаған.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Арғы-бергі тарихта төрт астана бой көтерген Сыр бойында көненің көзіндей, данагөй дәуірлер сөзіндей ескіден жеткен ескерткіштер аз емес. Соның бірі – Сырдария ауданы аумағындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі. Соңғы жылдары реставрация жасалып, ежелгі бейнесін қайта тапқандай болған кешеннің аумағы кеңейіп, туристік нысан ретінде маңызы жоғарылай түсті.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Орал театры жүлдегерлерін салтанатпен қарсы алды
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театының бір топ қызметкері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастырған салтанатты кеште жоғары марапатқа ие болды. Астанадан абыроймен оралған әріптестерін оралдық театр ұжымы әуежайдан үлкен құрметпен қарсы алды.
Руханият • 20 Желтоқсан, 2019
Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы
Ұлттың әдеби мұрасын зерттеумен айналысатын бас ғылыми орталық М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Дала фольклорының антологиясы» он томдығының 5 томын, «Ұлы даланың көне сарындары» үш томдығының 1 томын және «Ұлы дала жауһарлары» бес томдық антологиясының алғашқы томын көпшілік қауымға таныстырды.
Президент • 20 Желтоқсан, 2019
Президент: Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдау үшін арнайы квота бөлуге қатысты тапсырма берді.