Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Газ баллоны жарылып, төрт адам опат болды

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Торғай кентінде қайғылы жағдай болды. Газ баллоны жарылып, бір үйден төрт адам бірдей опат болды. Жарылыстың салдарынан болған өрт пен қатты ауа толқыны тұрғын үйдің есік-терезесін әп-сәтте қиратқан.

Газ баллоны жарылып, төрт адам опат болды

Аудандағы өрт сөндіру беке­тіне хабар жетісімен, олар екі ми­нуттың ішінде оқиға орнынан та­былған. Аз уақыттың ішін­­де өрт ауыздықталғанмен, оқыс оқиға төрт жанды жалмап үл­гер­ген еді.

Кешкі ақшам жамыраған кезде үлкен отбасы дастарқан басына отырады. Отбасындағы он кісінің сол күні тоғызы үй­де болатын. Қостанай об­лыс­­тық төтенше жағ­дайлар де­пар­таментінің бас­тығы Талғат Кәкімовтің айтуы­на қарағанда, күнделікті пайдаланып жүрген газ таусылып қалады да, олар даладағы баллонды үйге кір­гізеді. Мөлшерден артық тол­тырылған баллон үйге кір­гіз­генде температураның күрт өзгеруінен жарылады да, өрт шығады. Ас үйде жүрген 1985 жылғы әйел мен 2019 жы­лы туған қос нәресте және ас үй­мен қабырғалас бөлмедегі 1938 жылғы қарт ана сол жерде тіл тартпай кетеді. Үй иесі бас­қа бөлмедегі балаларын алып шығады, бірақ олардың бар­лығы да түрлі дәрежеде күйік жа­рақатын алды. Зардап шек­кен­дердің арасында 10, 8 және 5 жасар үш баланың денесін 10 пайыздан 40 пайызға дейін күйік шалды. Ал 22 жастағы әйел мен 34 жастағы ер кісінің денесі 70 пайызға дейін күйіп қалды.

Алғашқы кезде Амангелді, Жангелдин аудандық және Ар­қалық қалалық аурухана­ларының фельдшерлік бригадалары барып, жедел көмек көрсетті. Тосын оқиға болған күннің ертеңіне және бір күннен кейін зардап шеккендер санитарлық ұшақпен Қостанай қаласындағы облыстық ауру­ха­на мен облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі. Ал қазір олардың барлығы да рес­пуб­ликалық санитарлық әуе кемесімен жедел түрде Нұр-Сұлтан қалалық ауруханаларына жеткізіліп, ем алып жатыр.

 

ҚОСТАНАЙ