Спорт • 16 Желтоқсан, 2023
Екі дүркін Олимпиада чемпионы атануға Данияр Елеусіновтің мүмкіндігі мол
Астанада өткен «IBA чемпиондар түні» (IBA Champion`s Night) додасында Рио жазғы Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 6 раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Көзтүрткі Кеңестік кезеңде өзіндік көзқарасы үшін қуғындалған азамат туралы
2019 жылы ақпанда Павлодарда бір ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол 1969 жылы сол қаладағы жалғыз қазақ мектебінде жасырын құрылған «Жас ұлан» ұйымының 50 жылдығына арналған басқосу еді. Онда баяндама жасаған ақын Арман Қани сол тоталитарлық кезеңде билікке деген қарсылық белгілерінің жекелеген адамдар тарапынан да бой көрсеткенін сөз етті. Сөйтті де, оларды іздеп тауып жазып, жинақ шығарудың қажет екенін конференцияға қатысушылар алдына мәселе етіп қойды. Осы идея бойынша болашақ кітапқа кіретін бір тақырыппен айналысуға тиіс болдым. Ол диссидент Махмет Құлмағамбетов еді. Астанаға келген соң Қостанайға, ондағы «Егемен Қазақстанда» көп жыл меншікті тілші болып істеген Нәзира Жәрімбетоваға телефон соқтым. Әріптесім мен іздеген адамның өз өңірлеріндегі Меңдіқара ауданының тумасы екенін растады. Сөйтті де: «Оны облыс орталығында тұратын ҰҚК подполковнигі, зейнеткер Ғалихан Мәулетов ағай жақсы біледі. Қажет деп тапсаңыз, телефонын тауып берейін», деді. Бұл хабарды естіген соң, бірден іске кірісіп, ақсақалға қоңырау шалып, хабарластық та. Мәселенің мән-жайын ұққан соң қария аталған тақырыпта сөйлесуге ықыласты екенін білдіріп, біраз дерек айтты. Содан кейінгі әңгіме ол кісінің елордаға келіп, ҰҚК-нің орталық госпиталіндегі медициналық байқаудан өту кезіндегі бос уақыты аралығында одан әрі жалғасты. Сонымен…
Сұхбат • 16 Желтоқсан, 2023
Бақыт Қажыбаев: «Оян, қазақ» – уақыттың сұранысы
Актер Бақыт Қажыбаевты театрға баратын көзіқарақты көрермен жақсы біледі. Алайда оны бір-ақ сәтте күллі қазақ еліне мәшһүр еткен рөл – «Оян, қазақ» фильміндегі Міржақып Дулатов бейнесі. Көп ішінен бекзат болмысымен дараланатын өнер иесінің табиғатына да осы рөл дөп келгендей. Оны көрермен де лайықты бағалады. Осы жылдың басты жаңалығына айналған фильмнің бас кейіпкері бүгінде елге танымал белді актерге айналды. Көптің көзайымы болған Бақыт Қажыбаевтан сыр тартқан едік.
Оқиға • 16 Желтоқсан, 2023
Шамахан әулетінің талайлы тағдыры
Аяқ артар көлігі жоқ халық жаяу-жалпылап түрікмен жеріне қарай шұбырды. Босқан жұрттың қатарында Шамахан әулеті де бар еді. Бір рулы ел ұжымдастыру зобалаңынан қашып, Жем өзені бойындағы кір жуып, кіндік кескен ата қоныстан әуелі Сам барып, одан Желтау асып, Түрікменстан жағына өткен.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2023
1986 жыл. Желтоқсанның ызғарында алаңға әділдік іздеп шығып, кеңес билігінің тепкісін көрген өрімдей бозбалалар мен бойжеткендердің ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа аңыз болып айтылып жүргені хақ. Азаттықты жақындата түсуге сеп болған Желтоқсан көтерілісінде керекулік Сая Торбаева да аз теперіш көрмеді.