Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Асқар Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
2019 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 38 308 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 18 072 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 836-сы немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2019
«Жасыл экономикаға» көшу ісінде іргелі қадам жасалды
Сәрсенбінің сәтті күні Ақтөбе аймағында тағы бір ірі инвестициялық жобаның тұсауы кесілді. Бұған дейін өңірде қомақты инвестициялық қаражат негізінен облыс орталығы мен оның маңайына тартылып келсе бұл жолы инвестиция ағысы ауданға қарай бағытталды. Сөйтіп италияндық «Eni» компаниясы Қарғалы ауданында жел электр стансасының бірінші кезеңін іске қосты.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Атырау облысының жаңа әкімі - Махамбет Досмұхамбетов
Үкімет басшысы Асқар Мамин Атырау облысының активіне жаңа әкімді таныстырып, ұзақ жылғы тәжірибесі мен жоғары біліктілігін атап өтті.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Елордалық депутаттар мерекелік медальдармен марапатталды
Елорда әкімдігінде «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен ҚХА( Қазақстан халқы ассамблеясы) төрағасының Алғыс хаттарымен депутаттар мен мәслихат депутаттары марапатталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.