Кітапхана • 15 Желтоқсан, 2023
Жақында елорда төрінде орналасқан Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында Қожа Ахмет Ясауи кітапханасының ашылу рәсімі өтті. Оған Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу және Парламент Мәжілісінің депутаттары мен астаналық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Тарих • 15 Желтоқсан, 2023
Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қилы-қилы тағдырды басынан кешірді. Азаттық жолында халқымыздың қаншама перзенті жанын қиды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихта ұлы қасірет болып жазылса, Ресей патшалығының озбыр саясаты қазақ даласында еркіндікке ұмтылған ұлттың қарсылығына ұласты.
Пікір • 15 Желтоқсан, 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты дами алмайды. Сол себепті әлемнің барлық мемлекеттері жұлынқұрт секілді бұл қоғамдық індетке қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.
Алматы • 15 Желтоқсан, 2023
Елдегі ең үлкен мегаполистің әлеуметтік дамуына баса мән берілмек. Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне қатысты негізгі бағыттарды саралады. Сессия жұмысына қатысқан Алматы әкімі Ерболат Досаев, депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары шаһардың алдағы үш жылға арналған бюджетін бекітті.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Еліміздің Солтүстік қақпасы атанған Петропавл қаласы жыл сайын жаңғырып келеді. Шаһар экономикасының драйвері өнеркәсіп болса, биылғы 10 айда олар 349,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 289,2 млрд теңгеге жетті. Машина жасау саласында 138,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оң динамика тамақ өнімдерін өндіруде де байқалады.