Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Туризм • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл қаңтардан қыркүйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. Былтыр елімізге 609,8 мың шетелдік келген еді.
Теннис • 13 Желтоқсан, 2023
Таиландтың астанасы Бангкокта Азия теннис федерациясының (ATF) бас сессиясы өтті. Осы жиында жерлесіміз Юрий Польский аталған ұйымның президенті болып сайланды.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі
Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.
Байқау • 13 Желтоқсан, 2023
Дәстүрге айналған Жұмабек Тәшенов жүлдесі биыл да өз үздіктерін анықтады. Алғашқыда жылдың үздік ақынын ғана ардақтауды мақсат еткен игілікті шара қанатын кеңге жайды. Биыл он аталым бойынша үздіктерін үкіледі.