Мәдениет • 13 Желтоқсан, 2023
Ілияс Жансүгіровтің бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген кітабы табылды
Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылған. 1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілген. Сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мәлім қылды. Айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған баспана бағдарламасы іске қосылды
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банкі» АҚ бірлесіп ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана алудың жаңа бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды
Аяздың күшеюіне байланысты 13 желтоқсан күні 2-ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Қанша градус аязда сабақ тоқтатылуы керек?
Қылышын сүйретіп қыс жеткенде күн райының қандай боларын болжап білу мүмкін емес. Ауа температурасы аязды болып, қыс қысқанда үлкендердің өзі сыртқа шығуға тайсақтап тұрады. Сол себепті қысы қатты өңірлерде сабақтар жиі тоқтатылып жатады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қанша градус аязда оқу орнына бармаса болады? Бүгін мектепке, колледжге барудың қажеті бар ма, жоқ па деп күн сайын көңілінде күдік ұялайтындар үшін сауалдың ресми реттелген тәртіптік жүйесіне түсінік береміз.
Сенат • 13 Желтоқсан, 2023
Сенаторлар су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін талқылады
Сенатор Әли Бектаевтың төрағалық етуімен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Сенаторлар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан, Абай облыстарының су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін қарастырды. Атап айтқанда, Жайық, Ертіс өзендерінің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері туралы жан-жақты әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.