Саясат • 14 Желтоқсан, 2022
Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Екінші рет ұйымдастырылған байқауда үздік жоба ұсынған 33 жастың әрқайсысы, 3 млн теңгеден грант жеңіп алды.
Парламент • 14 Желтоқсан, 2022
Парламенттің бірлескен отырысы
Астанада 19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірлескен отырысқа шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022
Қазақстанның ішкі нарығын жеңіл көліктерді доңғалақпен толық жабдықтауға мүмкіндігі зор «KamaTyresKZ» ЖШС-ның шина зауытында алғашқы өнім алынды. Зауыттың бірінші өнімін шығару рәсіміне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов және Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2022
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Көрнекті қаламгер, Алаштың абыз ақсақалы – Әз-ағаның көп томдығын кезінде белгілі қоғам қайраткері, меценат Бекет Тұрғараұлы шығарып берген болатын. Бір қарағанда, бұл қолдау жеке адамға жасалған құрмет сияқты көрінгенімен, түсінген адамға мұның соңында ұлттық руханиятқа сіңірген орасан еңбек жатыр. Сондықтан біз заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында оның демеушісіне арнаған хатын жариялауды жөн көрдік.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттары марапатталды. Балалар жылында өткізілген бұл игі іске Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мұрындық болды.