Экология • 12 Желтоқсан, 2023
Экология қауіпсіздігі – көкейкесті мәселе
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемен қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның үшінші отырысын өткізді.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Журналист өмірін сақтандыру: Заңға өзгеріс енгізу қажет пе?
Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің «Масс-медиа туралы» заң жобасына бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға қатысты норманы қосу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Медицина • 12 Желтоқсан, 2023
Сергелдеңге салатын сергіткіш сусын
Қаншама айтылып, жазылып жатса да, жүре тыңдайтынымыз, ден қоймайтынымыздың салдарынан энергетикалық сусынның саудасы қызып-ақ тұр.
Денсаулық • 12 Желтоқсан, 2023
Қызылшадан вакцина ғана құтқарады
Қазан айынан бері елдің барлық аймағында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған науқас көбейген. Жыл сайын қыс қаһарына мінгенге дейін жұқпалы аурулар біраз әбігерге салатыны бар. Сол секілді биыл қызылшамен ауырған бала көп. Дәрігерлер күзде балалардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы вакцина салмағаннан ауырғанын айтып, ескертті. Содан елемеген ауру азуын батырды. Біз Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барғанда жағдайдың мәз емес екенін түсіндік.
Зерде • 12 Желтоқсан, 2023
Талай тағдырды талқандаған «Тәркілеу»
Түркістан облыстық саяси тарих архивінен «тәркілеу» санаты бойынша кәмпескеге іліккен 85 байдың жеке парағы табылды. Тәркілеуге ұшырағандардың тізімін жасау барысында олардың жеке парақтары бір күнде, дәлірек айтқанда, 1928 жылғы 10 тамызда толтырылғандығын көрдік. Тізім «Конфискация туралы» декреттің 1 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған. Ақталмаған 85 құрбанның 77-сі 1-топтағы байлар болса, сегізі 2-топтағы байлар.