Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Ерекше балалар киімі: Кәсіпкердің игі бастамасы
Өскеменде бір кездері атағы алысқа кеткен «Рассвет» деген тігін фабрикасы жұмыс істеген. Кейін қаржылық қиындықтарға ұшырап, шаруасы тұралап қалады. 80-жылдары сол фабрикада еңбек еткен Әлия Адамова 2018 жылы әйгілі фабриканы «Рауан» етіп жаңғыртып, нарыққа қайта алып келді. Бұл ретте шығыс өңіріне белгілі кәсіпкер, Әлияның ағасы Рустам Адамовтың да адамгершілігін айтпай кетуге болмайды. Кәсіпорын қызметіне ерекше еңбегі сіңген, бұрынғы басшы Гүлімхан Накужанованың өзі Рустамды іш тартып, осында келуге шақырған екен. Екеулеп жүріп қызметкерлердің миллиондаған жалақысы мен кәсіпорынның шығындарын төлегеннен кейін, фабрика қайта еңсе тіктей бастайды. Қазір өндіріс орны тұтас өңірдің қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. Алайда негізгі мақсат – тіпті басқа.
Жекпе-жек • 12 Желтоқсан, 2023
Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың UFC промоушенінде күш сынасып жүрген Азат Мақсұм келесі кездесуін 4 ақпанында Лас-Вегаста өткізеді.
Хоккей • 12 Желтоқсан, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Мажарстанның астанасы Будапештте өтіп жатқан жастар арасында әлем біріншілігін сәтті бастады.
Білім • 12 Желтоқсан, 2023
Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 200 млн теңге жымқырғаны анықталды
Қызылорда облысының прокуратурасы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 11 Желтоқсан, 2023
Әнші Ерлан Көкеев Түркияда адам қағып, Қазақстанда бой тасалап жүр - журналист
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Түркиядағы кәсіпкердің Қазақстан әншісіне қатысты оқиғасын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.