Сараптама • 11 Желтоқсан, 2024
Сауалнама нәтижесі сенім ұялатады
Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ түсінік алдағы мақсаттың айқындалуына септігін тигізеді. Кейінгі бірер жылда жүргізілген саяси өзгерістер еліміздегі 20 миллион халықтың әртүрлі тобына белгілі бір деңгейде әсер еткені белгілі. Әйтсе де Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама мемлекеттің стратегиялық даму бағыты мен Президенттің бастамаларына сенім артатынын көрсетіп отыр.
«Таза Қазақстан» • 11 Желтоқсан, 2024
Айналасына шапағат-шуағын шашып, өз ынтасымен қоғам дамуына қомақты үлес қосып жүрген еріктілердің қатары көбейгені көңіл қуантады. Алматыда осындай қайырымды азаматтардың басын біріктіретін 30-дан аса ұйым бар десек, еріктілердің саны 50 мыңнан асып жығылады екен.
Ғылым • 11 Желтоқсан, 2024
Жаңа заң қалай жұмыс істеп жатыр?
Биыл 1 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Бұл құжатты ғылыми қауымдастық көптен күтті, талқылауларына да белсене қатысты, қазір қолданыстағы құжатта олардың ойы, көзқарасы көрініс таба алды ма? Жалпы, заң отандық ғылымның дамуына, ғалымдарымыздың жұмысын жетілдіруге қажетті деңгейде, жеткілікті жағдайда ықпал етіп отыр ма? Тиімді тұстары қандай, әлде әлі де кемшін тұстары бар ма, толықтырулар кезінде нақты нені кезек күттірмей енгізген жөн? Сан сауалға жауап іздеп көрдік.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Семейде «Бірге! Бір толқында» дәстүрлі жастар форумы өтті. Бұл форум аймақтағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілерін, белсенділер мен өңірдегі студенттер клубтарының мүшелерінің басын біріктірді. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін және оларға құрмет көрсету, шабыттандыру қажет екенін айтты.
Ғылым • 11 Желтоқсан, 2024
Инновациялық мамандыққа басымдық беру – заман талабы
Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім жүйесіне түбегейлі реформалық өзгеріс енгізіп, оны трансформациялау кейінгі жылдары анық сезілді. Осы орайда Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – осы салаға нақты өзгеріс енгізіп, ел экономикасын дамытуға бағытталған қадам.