Жекпе-жек • 10 Желтоқсан, 2024
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі «Ти-Мобайл Аренада» аралас жекпе-жектен UFC 310 додасы дүркіреп тұрып өтті. Сол кештің басты бәсекелерінің бірінде қазақтың мақтан тұтар ұлы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен күш сынасып, жеңіске жетті.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2024
26–31 желтоқсан аралығында Нью-Йоркте шахматтан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста еліміздің намысын ерлерден Денис Махнев, Қазыбек Нөгербек, Ринат Жұмабаев, Арыстан Исанжұлов, Рамазан Жалмаханов, Арыстанбек Оразаев, Әлішер Сүлейменов, Эдгар Мамедов, Алдияр Аңсат, әйелдерден Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрман, Ксения Балабаева, Әмина Қайырбекова, Лия Кұрманғалиева, Зарина Нұрғалиева, Аяулым Қалдарова, Әсел Серікбай қорғайды.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2024
АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында Америка, Еуропа, Азия құрлықтарының бірқатар мемлекетінен келген танымал дзюдошылардың қатысуымен халықаралық турнир ұйымдастырылды.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2024
Ертіс өзені қыс ортасында арнасынан асып, тасып жатыр. Кей жерлерде жайылмаларға су жайылып, ауыл тұрғындары жазда шауып қойған шөптерін қыстақтарға жеткізе алмай отыр.
Бокс • 10 Желтоқсан, 2024
Чиангмайдағы Азия чемпионатының жетінші күні де ширек финалдық сайыстарды тамашаладық. Рингке көтерілген еліміздің 11 боксшысының сегізі жеңіске жетсе, үш жерлесіміз жеңіліс тауып, жарысты аяқтады. Одан кейін жартылай финалдық айқастардың куәсі болдық. Бұл бәсекелер де өте шиеленісті өтті.