Театр • 07 Желтоқсан, 2023
Қызылордаға М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен келді. Сапардың алғашқы күні Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында ғасырлық тарихы бар өнер ұжымының көркемдік жетекшісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, театр директоры Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Шынар Жанысбекова, Асылбек Боранбайлар баспасөз конференциясын өткізді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Көзайым көше ауылдан басталады
Көзден кеткенімен, көңілден өшпейтін, есімі ел есінде қалатын жандар болады. Әділдікті ту етіп, қиналған жанға қолұшын созуға асыққан қаламгер, «Егеменнің» даңқты журналисі Нұриден Мұфтах есімі жұрт жадында қайта жаңғырды. Енді Атырау қаласына таяу орналасқан Жаңаталап ауылындағы көшенің бірі қаламгердің атымен аталады.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Астанада есірткіге қарсы акция өтті
Елорданың Сарыарқа ауданында қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Акция барысында адамдарға есірткі заттарын қолданудың зиянды әсері туралы ескертетін ақпараттық буклеттер таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2023
Дзюдодан Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова «Бірінші бол» YouTube арнасына сұхбат беріп, өзінің спорт саласында өзін «сатып алғысы келгендердің» де бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023
Талғарда оқушыны жерге итеріп құлатқан мұғалім жазаланды
Талғардағы 81 оқушы білім алатын жеке меншік мектеп мұғалімі оқушыны итеріп, жерге құлатқан. Оқу-ағарту министрлігі оқиға қазан айында болғанын нақтылады. Бүгінде сабақ үстінде педагогикалық этикаға жатпайтын дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп жазады Egemen.kz.