Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Премьер-Министр Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында американдық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ұлттық спорт үздіктері анықталды
Ел кіндігі елордада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен биылғы атқарылған жұмыстар нәтижесі қорытындыланып, келер жылдың жоспарын нақтылауға арналған алқа мәжілісі өтті. Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, облыстардағы ұлттық спорт мектептері мен клуб басшылары, федерация төрағалары һәм жаттықтырушы-төрешілер қатысты.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?
Мемлекеттік жастар саясатының мақсатты негізде жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетті қалпын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студенттердің тұрмыстық ахуалын жақсартуды меже тұтқаны және соған орай іске асырылып жатқан тындырымды шаралар осы тұжырымның жарқын мысалы.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2019
Клара Дмитриевна Зорина – Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың ұстазы. Сырлас досына айналған тұлғаның 80 жылдығына орай Ақтау қаласындағы IT лицейінің оқушыларымен кездескен Клара апай өзінің талантты шәкіртін – еліміздің айтулы ақын қызын сағынышпен еске алып, ол туралы ойларын ортаға салды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек». Жарма ауданының Шар деп аталатын шағын шаһарынан сәл әріде орын тепкен «Жан», «Дәурен» шаруа қожалықтарының жұмысымен жақын танысқанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қанша уақыт өтсе де мәнін жоймайтын осы бір сөзі еріксіз еске түскен.