Білім • 07 Желтоқсан, 2023
Дамыған елдердің кәсіптік, техникалық білім беру сапасына баса назар аударатынын көріп жүрміз. Ал біздің елде орта кәсіптік білім «төменгі санатқа жатады» деген түсініктің бары өтірік емес. Сөйте тұра 531 мың студент колледжде оқиды. Бұл парадокс еңбек нарығына аса қажетті мамандарды даярлауға кедергі келтіреді. Өз ішіне өзі бұйыға түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жай-күйін қаузап көрдік.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2023
Сирек жер металдарын пайдалану нақты бір өндірістің инновациялық даму деңгейін көрсетеді. Елдердің био және нанотехнологияларға, атом және ғарыш өнеркәсібіне, сондай-ақ «жасыл» энергетикаға негізделген неғұрлым озық жаңашылдықтарға көшу үдерісінде мұндай элементтер стратегиялық маңызға ие.
Ипотека • 07 Желтоқсан, 2023
Ипотекалық баспана қолжетімді ме?
«Жыл басталысымен елімізде жаңа «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады» деген ақпар халықты елең еткізген еді. Бұған «Бәйтерек» холдингі де, «Отбасы банкі» де нақты түсінік бере алмаған болатын. Таяуда өткен Үкімет отырысында осы жайында біраз мәлімет жария болды. Сонымен жаңа жылдан кейін халықтың баспаналы болуына мүмкіндік беретін тағы бір бағдарлама іске қосылмақ.
Қаржы • 07 Желтоқсан, 2023
Аграрлық жобаларды қаржыландырады
Таяуда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста Агроөнеркәсіптік кешені қаржы институттарының ішінде «Қазақстанның Даму банкі», «Аграрлық несие» корпорациясы, «Бәйтерек» ұлттық бизнес холдингі мен «Halyk Bank» басшыларымен жеңілдетілген қаржыландыру үшін агрожобалардың басым бағыттары мен несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі туралы уағдаласқан еді.
Қаржы • 07 Желтоқсан, 2023
Бюджеттің кіріс жоспарын орындай алмай отырғанымыз белгілі. Бұған дейін де бұл міндеттің ел Үкіметіне өте-мөте қиынға соғатынын болжаған едік. Министрлер кабинеті бұл мәселені дәстүрлі әдіспен – сырттан қарыз алу немесе Ұлттық қордың қоржынына қол сала отырып шешіп келгенін осыған дейін де жазғанбыз. Кейінгі кездері алыптар «айқасы» басталып кеткендей әсер қалдырады.