Еңбек • 06 Желтоқсан, 2023
Түйе жүнінен ұлттық киім тігеді
Ақтауда «Jadagay» ұлттық брендінің түйе жүнінен сырт киімдер тігетін цех пен сән үйі ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңыздылыққа ие болғандықтан, киім тігу таң емес. Бірақ Ақтаудағы цехтың өзгелерден айырмашылығы – экологиялық таза шикізатты тұтынуы.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Айыппұл арқалаған «Air Astana»
«Air Astana» әуе компаниясына 876 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Айыппұл жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін салынған. Шешімді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарының тексерісі нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2023
Бәрі де қоғам үшін: 2024 жылы Алматыда қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады
Қашан да тіршілігі қарбаласқа толы қала тұрғындары күн көзі көрінбей жатып жұмысына, оқуына асығатыны анық. Сондықтан Алматыда қоғамдық көлік мәселесі өзектілігін жойған емес. Оның үстіне агломерациясы есебінен ұлғайып келе жатқан мегаполисте қалаға қатынайтын автобустар санын ұдайы арттырып отыруға тура келеді.
Энергетика • 06 Желтоқсан, 2023
Таяуда «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуразия Даму банкі (ЕАДБ) арасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. ЕАДБ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатымен АлЭС (Sustainability-Linked Bond/SLB – экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар) шығаратын орнықты даму облигацияларын (ESD) сатып алуды жоспарлап отыр.
Жоба • 06 Желтоқсан, 2023
Сыр өңіріне іссапармен келген Көлік министрі Марат Қарабаев облыстағы жол-көлік инфрақұрылымы нысандарымен танысып, жұртшылықпен жүздесті. Министр мен тұрғындар кездесуінде саладағы жобалар талқыланды.