Есірткі • 05 Желтоқсан, 2023
Петропавл ежелгі шаһар болса да, тұрғындар саны 220 мың адамның төңірегіндегі шағын облыс орталықтарының біріне жатады. Соған қарамастан, есірткі тарату қылмысы қалада көп тараған. Полицияның есебіне сүйенсек, есірткі таратумен айналысқаны үшін ұсталғандар саны артып отыр.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Қауіпсіздік құрылғысы орнатылды
Алматы облысындағы білім мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі 10 колледж бен 96 мектепке «FACE ID» ақпараттық жүйесі орнатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабардар етті.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2023
Керекулік учаскелік инспектор Мадияр Тұрсынбаев жуықта ерлі-зайыпты қарияларға араша түсіп, алғысқа бөленді. Сапасыз тауарды білместікпен сатып алған отбасы полицейдің пәрменімен ақшаларын кері қайтарып алған.
Тұлға • 05 Желтоқсан, 2023
Біртуар қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз Амангелді Әбдірахманұлы Айталыны мен 1999 жыл екінші шақырылған Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында көрдім. Бұрын атын естігенім болмаса, кездесудің реті келмеген еді. Осы отырыста Мәжілістің комитет төрағалығына ұсынылған кандидатуралар талқыланғанда, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің басшылығына ұсынылған екі-үш депутаттың ішінде Айталының да есімі аталды. Бірақ ол ұсынысқа ризашылығын білдіріп, лауазымнан бас тартты.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2023
Евгений Евтушенконың: «Поэт в России - больше чем поэт» деген ақынға қойылған талаптың жүгі ауыр дегенді білдіретін ұранды сөзі бар. Сол сияқты солтүстікте де бір кезде домбырашы болу – ұлттық аспабымызды шебер тарта білуді ғана емес, жүрегінде өжеттік пен өткірлік, намыс пен рухы бар жандар ғана алып жүре алатын өнер еді. Өйткені қазағының үлесі барынша азайып, басқа этнос өкілдері көбейген аймақта домбырашылықты өнер деп білгісі келмейтін қызмет құлағын ұстағандар мұнда өте көп-ті. Ұзақ жылдар бойы құлақтарына жатжұрттық әуендер сіңіп қалған барлық шенеунікке, халықтың негізгі бөлігіне домбыра үні жат болып естілетін. Тек махаббатпен сүйіп, оған жан-тәнімен берілген, сонымен бірге жүрегінің оты, жілігінде намысы барлар ғана домбыраның үнін өшіруге жол бермей, айтысып-тартысып жүріп, оны кешегі қызыл империяның қыспағынан алып шығып, бүгінгі заманға жеткізді. Ұрпақ алдында сондай ұлағатты іс атқарған жандардың бірі – домбырашы Тойкен Күдерова.