Тұлға • 06 Желтоқсан, 2024
Қаламынан поэзиялық жауһарлармен қатар, прозалық кесек шығармалар тудырған Ілияс Жансүгіров – балалар әдебиетінің де негізін салушылардың бірі. Ілиястың балаларға арналған өлеңдері шынайы қазақи өмірдің көріністерінен құралған. Бейбіт өмірге, оқу-білімге бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына түрткі болатын ұлттық таным екені сөзсіз. «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Оқимын», «Бөбек бөлеу», «Тас шешей», «Сабын», «Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы», т.б. өлеңдері бүгінгі балалар әдебиетіндегі үлкен үлгі.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Аумағы үлкен аудандардың табысы да мол
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандары жер көлемі жөнінен ең үлкен, соған сай өндіріс көлемі ауқымды, әлеуметтік-қоғамдық өмірі сан салалы өңірлер саналады. Аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де көз қуантады.
Дәстүр • 06 Желтоқсан, 2024
Қазақтың беташары – ЮНЕСКО тізімінде
2024 жылғы 2-7 желтоқсан аралығында Парагвай Республикасының Асунсьон қаласында өткен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-сессиясының 4-күнінде (5 желтоқсанда) қазақтың салты беташар мен беташар жыры адамзаттың репрезентативті тізімі бойынша материалдық емес мәдени мұра құндылығы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұған дейін қазақтың 13 мұрасы осы тізімге алынған еді. Биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Салбурын» мен «Беташар» сияқты ұлттық құндылықтарды ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енгізу барысы жүріп жатқанын айтқан еді.«Елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және молайту мақсатында ауқымды әрі үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Ұзақ жылдан бері алғаш рет жақында материалдық емес мәдени мұраның Ұлттық тізбесі айтарлықтай кеңейді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне біздің «салбурын» және «беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі пысықталып жатыр», деген Мемлекет басшысы.
Таным • 06 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: «Operator» – ЖИ агенті
«OpenAI» жақын арада «Operator» деп аталатын жаңа ЖИ-агентін іске қосады.
Таным • 06 Желтоқсан, 2024
Түрколог-ғалым Адай Есенғұлұлы келтірген мәліметте: әлем бойынша көне түркі жазба ескерткіштерінің бүгінгі таңда белгілі болғандарының ұзын-ырғасы 160 шамасында екен. Бұлар территориялық орналасуы жағынан: Тыва Республикасында – 53, Хакасияда – 28, Моңғолияда – 30, Орхон-Енисей бойында – 8, Алтай өлкесінде – 6, Жетісу-Талас өңірінде – 16, Қырғызстанда 8 бар екен («Жетісу» газеті, 17 мамыр, 2001 жыл).