Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Медицина саласындағы мүмкіндіктерді ауыл тұрғындары да пайдалануы керек. Заманауи қондырғылар үлкен қалада ғана емес, аудан орталықтарында, не болмаса шалғай елді мекендерде қолжетімді болса игі. Қазір өңірде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Осы орайда Көксу аудандық орталық ауруханасында алғашқы медициналық әлеуметтік көмектің «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды. Бұл шипа іздеген тұрғындарға сенім сыйлайды.
Маман • 04 Желтоқсан, 2023
«Шебердің инесі де, соққан күймесі де алтын» деген. Қай салада болсын өз ісін жетік білетін маманның жүзі ашық, абырой-беделі биік болады. Мамандыққа адалдық турасында ой қозғағанда адам жанының арашасы бола білген ақ желеңділерге артылған жүктің жеңіл емес екенін аңғарамыз. Себебі «медицина мамандарына қателесуге болмайды» деген қағида бар. Дәрігер болу дегеннің өзі «адамға жарық сыйлау» деген тіркеспен үйлесетін секілді. Салада түйген-білгенім көп, болдым-толдым демей, шыңдалудан жалықпайтын дәрігерлердің бірі – Дархан Сыбанбаев.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Ташкентке келіп тұрып, әлемнің әйгілі баскетболшысы мен білекті боксшыларына бесік болған Табақсайға соқпай кету орынсыз, әрине. Ал астана мен ауылдың арасындағы қазақтар көп шоғырланған Шыршық шаһарын бір шарлап шықпасақ тіпті әбестік емес пе? Осындай ізгі ниетпен Шыршық өзенінің бойында орналасқан еңселі ғимараттың алдына келіп тоқтадық. Бұл – Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті. Жоғары оқу орнындағы қазақ бөлімінде болашақ ұстаздар білім алып жүр. Біздің іздеп келгеніміз де – осы.
Сұхбат • 04 Желтоқсан, 2023
Болат Тілеп: Университет алдында цифрлық экожүйеге жету міндеті тұр
Еліміздің білім саласына білікті кадрлар даярлаудың көш басында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тұр. Биыл ұстаздар ұстаханасының құрылғанына 95 жыл толды. Ғасырлық межеге аяқ басқан білім ордасының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеппен болған сұхбатта білім беру үрдісі, әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастық, университеттің қазіргі ахуалы туралы айтылды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Қылмыстың өтеуі – жаза. Әсіресе мал ұрлағандарға қарсы қолданылатын жаза қатаңдатылғанымен, төрт түлікті қорадан да, өрістен де қолды ететіндер азаяр емес. Мәселен, Атырау облысында жыл басынан бері 24 мал ұрлығы тіркелген.