Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Ілия ЖАҚАНОВ: Эстрада – батыстың музыкалық экспансиясы
Атырау жаққа жол түссе, амандаспай кетпейтін бір шаңырақ бар. Ол – әйгілі композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың үйі. Жарты сағаттық әңгімесі жарты ғұмырыңа татитын тағылыммен өрнектелер өрелі жан бұл жолы да бізді жадырай қарсы алды. Өмірлік музасына айналған «Меңді қыз» – Тиыш апайға айтып, дастарқанын жайнатып қойған ақсақал алыстан келген қонағына төрімен бірге, тұшымды әңгімесін де қатар дайындап отыр екен. Өзімсіне еркелей, композитордың жарығы мол түсетін кең терезелі балконының ішін тұтас ала жасақталған шығармашылық шеберханасын бетке алдық. Бөлме ортасын көлденең кесе орналасқан кенепке түскен Орал тауларының әсем пейзажы бірден назарымызды өзіне бұрды. Суретке үңіле бергеніміз сол еді, ақсақал: «Картинаны жақыннан емес, алыстан қарау ләзім. Сонда сұлулығы толық ашылады», деді. Ақылға құлақ астық. Расымен де, ғажап әлем! Бейнебір тұмса табиғаттың ортасына еніп кеткендей, сарайымыз ашылып, көкірегімізді кере дем алдық. Әдемі әсерімізді аға әйбат әңгімесімен жалғап әкетті.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Өкпеге қисаң да, өлімге қимайсың...»
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» екенін жат ағымның жетегінде кеткен отандастарымыз әлі де болсын түйсіне қойған жоқ. Солай болды екен деп өз ұлын өзегінен тепкен ұлт емес едік. Қандасым десе қанымыз ысып, жанымыз күйеді. Елден безсе де емешегіміз езіліп тұрады. Адамзаттың қарғысын арқалаған ата-анадан бұрын, ақ-қараны ажыратып үлгермеген ұрпағына алаңдайсың. Ирак астанасы Бағдаттан Отанға оралған 14 бала соның дәлелі. Ертеңіне енжарлық танытпаған елдіктің ерен үлгісі де – осы!
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Мәслихаттар міндеті жоғарылай түседі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференция өтті. Жиын барысында халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатын қадамдар талқыланып, мәслихаттар жұмысын одан әрі жетілдіру мәселесі сөз болды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Жолдарды тоздырмауға уақыт оздырмай кірісу қажет
Жол – басты игіліктің бірі. Таңмен таласа тынымсыз тіршіліктің ұршығын иірген адам баласы үшін дүрбелең дүниенің қай бұрышында жүрсе де бағдаршам боп бағыт сілтейтін ұшы-қиыры жоқ жолдар да тағдыр жолы секілді сан тарау. Жолаушыға бұл игіліктің тақтайдай тегіс болғаны табыс кілті ғана емес, жақсы өмірдің жарқын көрінісі. Ал діттеген межеңе діңкелетіп апаратын шұрқ-тесік жолдар сарыла күткен сәулелі сапарыңның да сәнін қашырады. Соңғы жылдары еліміздегі жол сапасы қай сатыға көтерілді? Не ұттық, неден ұтылдық? Салада қандай проблемалар бар?
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019
Бірқатар облыста автожолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірдің автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.