Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультетінде « Қазақ фотошежірешілері III: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның таныстырылымы өтті. Мазмұнды іс-шараны «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жоғарыда аталған университеттің Журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастырды.
Басылым • 04 Желтоқсан, 2023
Өткен апта соңында Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақмола облыстық әкімдігі және «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық музейде «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, іс-шара барысында «Абылай ханның қара жолы» атты екінші жинақтың тұсауы кесілді.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
Әлем чемпионаты: Қазақ боксшысы жасөспірімдер арасында топ жарды
Арменияның бас шаһары Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз 54 келі салмақ бойынша үндістандық боксшымен финалда жұдырықтасқан еді, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 04 Желтоқсан, 2023
Несіпбек Дәутайұлы әлемі (эссе)
Оқып отырған әңгімең уақытың қанша тығыз болса да магнитше тартып бас алғызбайды. «Ол ашаршылық дендегелі адамды адам жеп жатыр дегенді естіген. Әуелі сенбеп еді. Құлжаны атып алғаннан кейін мән-жай білмек болып, етектегі ауылға түскен. Сонда... Шағын ауылдың адамдары аштан қатып қалыпты. Кенет ауылдан сәл аулақта алба-жұлба бір топтың лапылдаған отты шыр айналып жүргеніне көзі түсіп, қайнап жатқан қазан ернеуінен баланың білегін байқап қалған». Осы тұсына келгенде онсыз да түршіге бастаған денең қорқыныштан құрсауланып, тұла бойыңды мазасыз үрей билейді. «Аман қалғыларың келсе, тастаңдар баланы, – деді соңындағы қаба сақалды өңкиген. Қырылдаған үніне ырыл ма, соған ұқсас жексұрын бірдеңе араласқан». Кенжеғазы мен оның сәбиін арқасына таңып алған әйеліне ілесіп, артынан жақындап келіп қалған әлгі аш бөрідей адамжегіштерден жанталаса қаша жөнелгің келеді. Бірақ әбден шаршап талған аяқтарың ілгері басудың орнына кейін кетіп жатқандай жандалбаса күй кешесің. Түсіңіз шығар. Әдетте жайсыз жатып, бастырылығып ұйықтаған адам осындай түстен шошып оянады емес пе? Бір сәт осы ойыңа иланып, басыңды көтеріп, жан-жағыңа қарайсың. Жоқ! Түсің емес екен. Үуһх!.. Ояусың. Есіңді жиған соң қолыңа кітап ұстап отырғаның еске түседі. Қасыңда Кенжеғазының отбасы жоқ. Олар мына кітаптың ішінде. Кітап ішіндегі әңгімеде әлгі аштықтан әлсіреп жыртқышқа айналған адам еместермен арпалысып жүр. Ендеше, сенікі не жорық?
Тарих • 04 Желтоқсан, 2023
Ұлт санасының бостандығынан асқан бақыт болсын ба? Тарих толқынындағы жанға сызат түсірген жылдардың тізбегі көңілден көшпейді, санадан өшпейді. Кісінің түрмеде қалғанынан гөрі адам ойының, ұлт танымының абақтыға қамалғаны – ауыр трагедия. Ондай қасіретті ешбір елдің басына салмасын...