Спорт • 04 Желтоқсан, 2023

Әлем чемпионаты: Қазақ боксшысы жасөспірімдер арасында топ жарды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияның бас шаһары Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз 54 келі салмақ бойынша үндістандық боксшымен финалда жұдырықтасқан еді, деп жазады Egemen.kz

Әлем чемпионаты: Қазақ боксшысы жасөспірімдер арасында топ жарды

Фото: qaz_olympics

Финалдық жекпе-жекті Qazsporttv сағат 16:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетті, толық нұсқасы Qazsporttv YouTube арнасында тұр.

Үндістандық Жатин Жатинді 4:1 есебімен ұтқан Қазақстанның былғары қолғап шебері Нұрасыл Төлебек жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.