Ауыл • 05 Желтоқсан, 2024
Ауыл поштасынан айырылмау керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 Жарлығына сәйкес Үкімет әзірлеп, бекіткен Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында тірек ауылдық елді мекендер пошта байланысының қызмет көрсету желісімен қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген. Алайда қазіргі уақытта ауылды жерлерде қалыптасқан нақты жағдай алаңдатарлықтай.
Мәселе • 05 Желтоқсан, 2024
Бүгінде ел ішінде қаңғыбас ит-мысықтар мәселесі өршіп барады. Азаматтардың пікір қайшылығы қоғамды екіге бөле бастады. Әрине, бұралқы иттен зардап шегушілердің саны азаймай тұрғандықтан, топтасып көше кезген, аулада емін-еркін ойнақтап жүрген адамның «досына» деген көптің көңілі суып кеткендіктен оларды «тәртіпке салуды» жақтаушылар жағы басым. Ал иттердің құқығын қорғап, шыр-пыр болғандардың да өз айтары бар.
Тағзым • 05 Желтоқсан, 2024
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жерінде тұғырлы ескерткіш орнатуды, Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашуды тапсырған еді.
Құқық • 05 Желтоқсан, 2024
Мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды
Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендерге заң қатаң. Десе де, тәртіпке бағынбайтын, ішімдікке сылқия тойып, рульде ағындайтындар қатары азаймай тұр. Айналдырған үш күннің ішінде облыс полицейлері 20-дан аса жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2024
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні еліміздің үш былғары қолғап шебері рингке көтеріліп, барлығы да қарсыластарынан басым түсті. Олар – Махмұд Сабырхан (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (67 кг).