Таным • 04 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Чикагодағы «Тары»
Чикагоның төрінде тұрған «Тары» қазақ этно-кофеханасы аз уақытта жергілікті халықтың көзайымына айналды.
Аңдатпа • 04 Желтоқсан, 2024
5 желтоқсан - «Теке бұрқақ» С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Ш.Мұртазаның «Теке бұрқақ» пластикалық морфозасы ұсынылады. Режиссері – А.Салбанов.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2024
Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының үлкен залында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Отырар сазы шақырады!» концерті өтті. Сахна төрінде Қазақстанның көрнекті оркестрлері – Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі өнер көрсетті.
Таным • 04 Желтоқсан, 2024
Айнала сұп-сұр. Дала бейжай, қарағай тұрпаты қаламын қолға алып ойланып отырған кісідей. «Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние, өзінен өзі жырланып жатқан сияқты» деген Мұқағали қандай әулие еді.
Ең қысқа әңгіме • 04 Желтоқсан, 2024
Жылқыбай көкем қарт әке-шешесінің жалғызы еді. Содан ба, бетіне ешкім жел болып тиген емес. Бала күнінен ерке, шолжаң болып өсті. Сол еркелігі есейгенде де қалған жоқ. Жастық па, әлде мастық па, жалындаған жігіт кезінде екі-үш рет бас құрапты. Соңғы жеңгеміз – Катяны алғаннан кейін ғана байыз тапқан. Жеңгеміз Қостанайдан. Орта бойлы. Қасы-көзі қиылған қара торының әдемісі. Көп сөйлемейді. Бірақ екі тілге жүйрік. Әсіресе орысшасы басым.