Өнер • 04 Желтоқсан, 2024

«Отырар сазы» шарықтады

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының үлкен залында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Отырар сазы шақырады!» концерті өтті. Сахна төрінде Қазақстанның көрнекті оркестрлері – Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі өнер көрсетті.

«Отырар сазы» шарықтады

Елорда тұрғындары екі оркестрдің және Е.Рах­ма­диев атындағы мемле­кеттік академиялық филармо­ниясының Камералық хорының орындауын­да Нұрғиса Тілендиевтің қазақ му­зыкасының алтын қорына енген шығармаларын тыңдады. Сондай-ақ көрерменге ерекше шығармашылық эксперимент ұсынылып, көне қазақ халық аспаптарының үнімен қатар «Vivo per lei», «The Prayer», «Melodramma», «Remember», «She» және «Шиндлер тізімі» фильмінен композициялар орындалды.

Бұдан бөлек сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Свет­лана Айтбаева мен Азамат Жыл­тыркөзов, халықаралық және респуб­ликалық байқаулардың лауреаттары Нұр­ғалым Аманбай, Фархат Ку­биев, Толғанай Пазылақын, Ербол Тәжібаев өнер көрсетті. Соны­мен қатар дәс­түрлі әнші Өзгеріс Шерікбай, халықаралық байқау­лардың лауреаты Фируза Рахметова көрерменге өз өнерін ұсынды.

Мәдени кешке Н.Тілендиев атындағы АФЭО «Отырар сазы­ның» көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Дінзухра Тілендиева, Н.Тілендиев атындағы АФЭО «Оты­­рар сазы» оркестрінің дири­жері – Жалғасбек Бегендіков, сим­фониялық оркестрдің дирижері Арман Жайым дирижерлік етті. Ал симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Абзал Мұхитдин, Камералық хор­дың көркемдік же­текшісі және бас дирижері – Гүлмира Құт­тыбадамова.