Театр • 29 Желтоқсан, 2020
Жасөспірімдер театрға барсын десек...
Қоғамда сахна мәдениеті қалыптасып, адамдар «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнермен» қауыша бастаған уақыттан бері театр биік талғам мен парасат мекеніне айналған-ды. Драматургияның шын шеберлік пен суреткерлікті қатаң талап ететіні де осыдан. Асыл өнердің табиғаты туралы неміс сыншысы Лессинг: «Лирикада болмыстың шындығы сезіледі, прозада болмыстың шындығы баяндалады. Ал драмада болмыстың шындығы жасалады», дейді.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік қызмет «Blockchain» арқылы көрсетілмек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Blockchain» технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғаш болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2020
Тарихи оқиғалар тоғысқан кітап
Ұлттық музейде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы 4-томының (Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы) тұсаукесер рәсімі өтті.
Технология • 29 Желтоқсан, 2020
Бірыңғай ақпараттық жүйе тұтынушылар құқығын қорғайды
Тауарлар мен қызметтерді пайдалануда тұтынушылардың жосықсыз сатушыларға алданып, құқықтары тапталып жататын сәттері аз кездеспейтіні жасырын емес. Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосты.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2020
Жақсы бастама жалғасуымен бағалы
Биыл елімізде «Волонтер жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осындай кезеңде пандемияның қатар келуі еліміздегі еріктілердің сын сағаты болды десек артық айтқандық емес. Бүкіл әлем бетперде киіп, үйге тығылып отырғанда еліміздің түкпір-түкпірінде волонтерлер тұрмысы төмен, мүмкіндігі жоқ отбасыларға азық-түлік жеткізіп беруге, ауыр сынақты жеңілдетуге жәрдемдесті.