Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Партия қатары 2 мың адамға көбейді
Елордада Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Жетекші партияның қатары жас және белсенді азаматтармен толықты.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2019
Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы
Түбі бір түркі жұртының ертеңін баянды ету жолында Елбасы бастамашы болып, ірге көтерген Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы сынды құрылымдар бүгінде табысты жұмыс атқарып келеді. Осы ретте халықаралық Түркі академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында Нұр-Сұлтан қаласында «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты тағылымды жиын өткізді.
Технология • 04 Желтоқсан, 2019
Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді
Алматыда сел қаупіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды. Журналистерге арналған брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров төтенше жағдайлардың алдын алу, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақсай мен Аюсай бөгеттерінің құрылысына қатысты ақпараттармен бөлісті.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2019
Новосібірлік дәрігерлер медициналық туризмге ынталы
Қазан айының соңғы күндерінде солтүстіктегі көршіміздің Новосібір қаласының алдыңғы қатарлы медициналық мекемелері елордамызға атбасын тіреп, өздерінің мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Ауру айтып келмейтін апат. Ағза деп аталатын тылсым «аппараттың» бір тіні мен тетігі кенеттен бұрыс белгі берсе, ағзаның иесі – адамды қалпақтай ұшырып түсіретіні анық. Жан алқымға келген мұндай қиын кезде «Алладан» соң ауызға ілігері – «Жедел жәрдем». «Жедел жәрдем» қызметін жаңғырту-жетілдіру үшін Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы «Жедел жәрдем» қызметі ережесіне бірнеше өзгеріс енгізді.