Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Партия қатары 2 мың адамға көбейді

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Жетекші партияның қатары жас және белсенді азаматтармен толықты.

Партия қатары 2 мың адамға көбейді

Партия билетін салтанатты жағ­дайда табыс еткен Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек Елбасының тәуелсіз еліміз­дің қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті.

– Nur Otan – Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ететін жандардың жұмылған жері. Біздің бас­ты байлығымыз – тәуелсіздік. Nur Otan партиясының міндеті – Елбасының мемлекеттік бағытының сабақтастығын қамтамасыз ету. Бұл бізге ең алдымен елдегі тыныштық пен татулықты сақтап, адамдарды алаламайтын мемлекетте өмір сүру үшін қажет. Тұрақтылық жоқ жерде өсіп-өркендеу де болмайды. Өздеріңіз Nur Otan партиясының қата­рына қосылуға шешім қабылдаған екен­сіздер. Қатарымызға қош келдіңіздер! Бүгінде біздің қатарымыз 900 мыңға жуық адамды құрап отыр. Олар түрлі ұлыс өкілдері мен түрлі көзқарас­тағы, қалалар мен шалғай ауылдарда тұратын азаматтар. Біз барлығымыз Елбасының жақтастары және үлкен бір отбасымыз, – деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

«Мен Алматыдан Нұр-Сұлтан­ға бет алған ұшақта едім, қасымда сатира актері, тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов отырды. Бір жарым сағат бойы мен оған партия туралы, Елбасы мен Мемлекет басшысының бастама­лары мен партияны қайта жанданды­ру аясында атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы әңгімеледім. Біз ұшақтан түскен кезде ол осынау атқарылып жатқан жұ­мыс­тарға өзінің де атсалысқысы келеті­нін айтты», деді Б.Байбек.

Т.Қабатов пен кәсіпқой бокс­шы М.Нұрсұлтанов өздерінің партия қ­а­тарын­да жүріп, ел үшін қызмет атқару­ды үлкен бақыт санайтынын жеткізді.

Nur Otan партиясының қатарына Ас­қар Әбдіқалық та қосылды. 19 жас­та­ғы Асқар Әбдіқалықты бұған дейін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында орын алған жарылыс кезінде 80 баланы көлік­пен қала сыртына аман алып шық­қаны үшін «Ерлігі үшін» медалі­мен марапаттаған еді.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Диана Ер­ланға, Петропавлдан келген жас кәсіп­­кер Жанат Қиқымовқа, «Отырар ТV» ме­­диа-холдингінің директоры Әйгерім Жұ­­ма­құловаға және «Мы из Шахтинс­ка» во­лонтерлар бірлестігінің мүшесі Юлия Головинаға партия билетін тапсырды.

Жалпы, еліміз бойынша Nur Otan партиясының қатарына 2 мыңға жуық қазақстандық мүше болды.