Спорт • 03 Желтоқсан, 2024
Алматы қаласы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық сайысын қабылдауға өтініш білдірді. Турнир келесі жылдың мамыр айында өтеді. Осыдан бес жыл бұрын «Төрттік финалы» Алатау баурайында ұйымдастырылған еді. Сол кезде «Қайрат» пен «Барселона» арасындағы ойынды «Алматы Аренаға» келген 12 090 көрермен тамашалады. Бұл – аталған доп додасындағы рекордтық көрсеткіш.
Бокс • 03 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты сәтті басталды
Сенбіде Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Жерлестеріміздің арасынан алғашқы болып шаршы алаңға 67 кг салмақтағы Дулат Бекбауов көтерілді.
Сұхбат • 03 Желтоқсан, 2024
Қайырымдылық қағидаттары: «Шалғай елді мекендерде спорт залын ашып жатырмыз»
Кейінгі жылдары бұқаралық спортты дамытуға мемлекет көп көңіл бөліп отыр. Жеткіншектерді спортқа тарту мақсатында құрылған «Батыр боламын» қоғамдық қоры мемлекет басымдық беріп отырған бағытта жұмыс істеп келеді. Бірнеше жылда еліміздің әр аймағында жүздеген спорт залын, кешенін ашып үлгерді. Жуырда қоғамдық қор құрылтайшысы Ернұр Сәбікенұлымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2024
Токиода қосалқы құрамдағылар күреседі
Дзюдодан биылғы маусымның ең соңғы жарысы 7-8 желтоқсан аралығында Токиода өтеді. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстан еліміздің беткеұстар балуандарының барлығы да босатылды. Олардың орнын қосалқы құрамдағы спортшылар басты.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024
Әйел басқаратын ауданның көші ілгері
Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют, Аққайың аудандары облыс аумағының ортасында орналасқан, ертеден құрылған әкімшілік бөліктер. Жер көлемдері де шамалас, Аққайың 4,7 мың шаршы шақырым болса, Мамлют ауданы 4,1 мың шаршы шақырым. Екеуінде де қазақ тұрғындардың үлесі жартыдан төмен, таза қазақ ауылдары екі-үштен ғана қалған. Екеуінің де аумағынан теміржол өтеді. Тағы бір ұқсастығы – бүгінде екеуін де әйелдер басқарады.