Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019
Елорда төрінде «Отандастар қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралу және мәдени-гуманитарлық, іскерлік ынтымақтастығын дамыту мақсатында «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ведомство басшылары, сонымен қатар әлемнің 20 елінен келген 150-дан астам диаспора өкілі қатысты.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019
Виртуалды Қазақстан медиакешені болса...
Жуырда Мәскеуге жол түскен еді. Сапар барысында көне шаһардың көрікті жерлерін араладық. Сонда көңілден шыққан бір дүние – қозғалмалы, яғни динамикалық кинотеатр болды. Бұл өзі туристік әлеуетті танытуда таптырмайтын тетік екен. Зарядье паркінде орналасқан «Полет» атты медиакешенге Кремльдің көне мұнараларын аралап шығып, мейрамханада түстеніп алған соң бас сұққанбыз. Бастапқыда біздің жол бастаушы серігіміз «Қазір ұшамыз» дегенде шын мәнінде әлдебір үрлемелі алып шарға отырғыза ма, әлде әткеншекке мінгізе ме, дирижабль ме, әлде не құрал екен деп екіұдай күйде елеңдегеніміз рас.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2019
Дәрігерлік тәжірибе вакцинацияны таңдайды
Қазіргі таңда бұл мәселе – халық арасында кеңінен талқыланатын тақырыптардың бірі. Біз алдын алу екпелерінің арқасында жұқпалы аурулар туралы ұмыта бастадық. Алайда «Белгілі бір ауру жоқ, бірақ баланы неге вакцинациялау керек?», деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар интернет-ресурстарда вакцинацияны жақтамайтын пікірталас көп.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2019
Қытай – дипмиссиясы ең көп мемлекет
Осыдан елу жыл бұрын Қытайдың Каирде ғана шетелдік елшілігі болса, қазір ол әлемдегі дипломатиялық өкілдіктерінің саны бойынша АҚШ-ты басып озыпты. Лоуи институтының жаһандық дипломатияға қатысты биылғы зерттеуі Қытайдың әлем бойынша 276 елшілігі, консулдығы мен тұрақты өкілдігі бар екенін анықтаған.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2019
Қазақтар мен корейлердің ұқсастығы бар
Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің бірінші вице-министрі болған Куак Ён Чжинмен әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгіме барысында Кореяның ұлттық мәдениетін шетелдерде дәріптеп жүрген ол бірер жыл бұрын Қазақстанға жасаған арнайы сапары, екі ел мәдениетінің ерекшеліктері жөнінде айтып берді.