Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021
«Қызыл аймақтан» құтыла алмай тұрмыз
Солтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиялық ахуал оңалмай тұр. Төрт аптадан бері облыстың матрицалық бағасы «қызыл аймақтан» шыға алмауда. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін облыста індет жұқтырған 32 393 адам тіркелген. Өткен тәулікте тіркелгендер саны – 138. Тіркелгендердің көбі – Петропавл қаласынан. Облыс орталығында сырқатқа ұшырағандар саны – 67. Аудандар арасында Ресей Федерациямен шекаралас М.Жұмабаев, Жамбыл, Қызылжар аудандарында ауырғандар саны 10-16 арасында болып, жоғары деңгейде тұр.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021
Елді аман алып қалатын екпе ғана
Сәл сейілгендей болғанымен, дүркін-дүркін бас көтеріп, дүмеп тұрған жаман тұмаудың жолын кесу жалғыз-ақ екпе алуға байланысты екені мәлім болғалы қашан. Алыпқашты жаяу әңгіме де, әлеуметтік желіде қаптап кеткен екпе туралы теріс пікір де елді алаңдатпай қойған жоқ.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде қарашаның соңында эпидемиялық ахуал оңалып, індет жұқтырушылар саны азаюы мүмкін екенін, бірақ іс жүзінде жағдай басқаша болуына да күмән тудырмайтынын айтқан-ды. Қазір өңір «сары аймаққа» өтіп, эпидемиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келеді.
Ауыл • 03 Желтоқсан, 2021
228 елді мекенге ауыз су келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтауды талап етіп отыр. Қостанайда облыс әкімі А.Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте Президент тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындау мәселесі талқыланды.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021
Алматылық 1 мыңға жуық жас маман жаңа пәтерлерге қоныстанды
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қандай керемет заман болса да, үйі жоқтың – күйі жоқ. Алдымен адамға баспана керек. Армандардың да үлкені – жайлы үй. Осы мәселеде Отбасы банкі сауапты қадамдарға ғана емес, үлкен саясатқа барып отырғанын мойындау ләзім.